О внесении изменения в постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 30 ноября 2018 года № 331 «Об утверждении коэффициентов зонирования (К зон), учитывающих месторасположение объектов налогообложения в населенных пунктах Мамлютского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм.) бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 331 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм.) бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 331 қаулысына (2018 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5034 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін.
көрсетілген қаулыға қосымшадағы реттік нөмірі 12 жол алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жариялауға жатады және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.