О внесении изменения в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 30 ноября 2018 года № 365 «Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объектов налогообложения в населенных пунктах района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 365 «Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің «Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы № 365 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5086 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшаға 4-тармақтағы 6-жол, 14-тармақтағы 3-жол алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі