Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 757 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 32 «Об утверждении критериев оценки степени риска, проверочных листов по государственному контролю за охранной деятельностью, за деятельностью специализированных учебных центров по подготовке и повышению квалификации работников, занимающих должности руководителя и охранника в частной охран

Бұйрық · № 390 · қабылданған 12.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2018-no-757-30-2018-no-32-ekb-181386/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 757 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 32 «Об утверждении критериев оценки степени риска, проверочных листов по государственному контролю за охранной деятельностью, за деятельностью специализированных учебных центров по подготовке и повышению квалификации работников, занимающих должности руководителя и охранника в частной охран Қолданыста Бұйрық ·№ 390 ·12.05.2023
12.05.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 757 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 32 «Об утверждении критериев оценки степени риска, проверочных листов по государственному контролю за охранной деятельностью, за деятельностью специализированных учебных центров по подготовке и повышению квалификации работников, занимающих должности руководителя и охранника в частной охран

Қолданыста Бұйрық ·№ 390 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 757 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 32 «Об утверждении критериев оценки степени риска, проверочных листов по государственному контролю за охранной деятельностью, за деятельностью специализированных учебных центров по подготовке и повышению квалификации работников, занимающих должности руководителя и охранника в частной охран
Атауы (қаз.)
«Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Рес
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
390
Қабылданған күні
12.05.2023
Көрсетілген редакция
12.05.2023 181386_631864.kaz
Соңғы өзгеріс
12.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032494
ЭКБ идентификаторы
181386
Редакция идентификаторы
181386_631864
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:05

0

«Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17655 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
11) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шкаладерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шкалаге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
12) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кәсіпкерлік кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нақты саласында бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) қызметтік қаруды пайдалана отырып күзет қызметін жүзеге асыратын және бірмезгілде күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын заңды тұлғалар.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) қызметтік қаруды пайдаланбай күзет қызметін жүзеге асыратын және бірмезгілде күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен күзет қызметімен айналысатын заңды тұлғалар.»;
11 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Бақылау субъектілерін анықтау үшін деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау қажет.
Ақпаратты жинау және өңдеу процестері толық көлемде автоматтандырылады және алынған деректердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.»;
15 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қолдағы бар ақпарат көздер негізінде субъективтік өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.
Бұзушылық дәрежесі субъективтік өлшемшарттарға ықтимал тәуекелге және проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың жекешелігіне немесе жүйелігіне, бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты беріледі.
Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін тәуекел дәрежесін бағалау кезінде күзет қызметінің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес қолданылады.
Талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау кезінде күзет қызметінің, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары қызметінің және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға 2, 3, және 4-қосымшаларға сәйкес қолданылады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы Қағидалардың (SC) 15-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rпром = SP + SC, мұнда
Rпром – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші;
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
SC – субъективті өлшемшарттарбойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.
Ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты талаптарға сәйкестігіне тексеру немесе бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SPз = (SP2 x 100/SP1) x 0,7
мұнда:
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ЅР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3
мұнда:
ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн,
мұнда:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 15-2-тармақпен толықтырылсын:
«15-2. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
xi – субъективті өлшемшарт көрсеткіші;
wi – субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi;
n – көрсеткіштер саны.
Субъективті өлшемшарттарбойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттарбойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 15-3-тармақпен толықтырылсын:
«15-3. R көрсеткіші бойынша субъектілер бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:
R– жеке бақылау субъектісінің субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды);
Rmax– бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шкаласы бойынша мүмкін болатын ең жоғарғы ықтимал мән (шкаланың жоғарғы шекарасы);
Rmin– бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шкаласы бойынша мүмкін болатын ең төменгі ықтимал мән (шкаланың төменгі шекарасы)
Rпром– субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.»;
16 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі мыналарға:
1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;
2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;
3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылау шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүргізуден босатылады.»;
күзет қызметін мемлекеттік бақылау, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметі және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшада:
10, 11, 30 және 31-тармақтар алып тасталсын;
күзет қызметін мемлекеттік бақылау, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметі және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 28-1 және 28-2-тармақтармен толықтырылсын:
«
28-1
Жеке күзет ұйымы күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырады.
Өрескел
28-2
Жеке күзет ұйымы күзет қызметін жарғысыз және күзет қызметін жүзеге асыруына арналған лицензиясыз жүзеге асырады.
Өрескел
»;
мынадай мазмұндағы 51-1 және 51-2-тармақтармен толықтырылсын:
«
51-1
Жеке күзет ұйымы күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырады.
Өрескел
51-2
Жеке күзет ұйымы күзет қызметін жарғысыз және күзет қызметін жүзеге асыруына арналған лицензиясыз жүзеге асырады.
Өрескел
»;
осы бірлескен бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 1-1, 1-2 және 1-3-қосымшалармен толықтырылсын;
Көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген күзет қызметін мемлекеттік бақылау жөніндегі тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 5-қосымшамен бекітілген күзет қызметін мемлекеттік бақылау жөніндегі тексеру парағында:
9, 10-тармақтар алып тасталсын;

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4

4. Осы бірлескен бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшасының 1-8, 10, 12-15, 17-21, 43-49-тармақтарын, 2-қосымшасының 1-29, 60-тармақтарын, 3-қосымшасының 1-13, 25-тармақтарын, 4-қосымшасының 2-17, 36-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

1 Күзет қызметі саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттартізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 15 мамырдағы № 65
мен
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 12 мамырдағы № 390
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы № 757
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы № 32
бірлескен бұйрығына
1-1-қосымша
Күзет қызметі саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттартізбесі
Күзет қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар
р/с

Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шар­ттар көр­сет­кі­ші
Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шарт көр­сет­кі­ші бой­ын­ша ақ­па­рат кө­зі
Ма­ңы­зды­лы­ғы бой­ын­ша үлес сал­ма­ғы, балл (бар­лы­ғы 100 бал­л­ға дей­ін бо­луы ти­іс), wi
Шар­ттар/мән­дер, xi
1-шарт/мәні
шарт n.../ма­ғы­на­сы
1
2
3
4
5
Ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау үшін
1-бө­лім. Кү­зет қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын бар­лық субъ­ек­ті­лер үшін
1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­ды тұ­лға­ла­ры және аза­мат­та­ры бір мез­гіл­де кү­зет қыз­ме­ті­мен ай­на­лы­са­тын бір­не­ше ұй­ым­ның құ­ры­л­тай­шы­ла­ры, қа­ты­су­шы­ла­ры және (неме­се) мен­шік ие­ле­рі бо­лып та­бы­ла­ды.
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­тер­ге, мә­лі­мет­тер­ге жүр­гі­зі­л­ген мо­ни­то­ринг, мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын тал­дау және мә­лі­мет­тер, құқық қор­ғау және ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар жүр­гі­зе­тін же­дел-про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­лар нәти­же­ле­рі
25
1 факт
100%
2
Же­ке кү­зет ұй­ы­мы кү­зет­тен бас­қа өзге қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­ның ен­ші­лес кә­сі­пор­ны бо­лып та­бы­ла­ды.
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­тер­ге, мә­лі­мет­тер­ге жүр­гі­зі­л­ген мо­ни­то­ринг, мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын тал­дау және мә­лі­мет­тер, құқық қор­ғау және ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар жүр­гі­зе­тін же­дел-про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­лар нәти­же­ле­рі
25
1 факт
100%
3
Же­ке кү­зет ұй­ым­да­ры­ның құ­ры­л­тай­шы­ла­ры (қа­ты­су­шы­ла­ры) қо­ғам­дық бір­ле­стіктер бо­лып та­бы­ла­ды.
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­тер­ге, мә­лі­мет­тер­ге жүр­гі­зі­л­ген мо­ни­то­ринг, мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын тал­дау және мә­лі­мет­тер, құқық қор­ғау және ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар жүр­гі­зе­тін же­дел-про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­лар нәти­же­ле­рі
25
1 факт
100%
2-бө­лім. Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі (ұсы­ным):
4
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі­нің ұсы­ным­ды орын­да­мауы.
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі (ұсы­ным)
25
1 факт
100%
Та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру үшін
1-бө­лім. Кү­зет қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын бар­лық субъ­ек­ті­лер үшін
1
Же­ке кү­зет ұй­ы­мы кү­зет даб­ы­лы құ­рал­да­рын мон­таж­дау, бап­тау және олар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды қо­с­па­ған­да, өзге кәс­iп­кер­лiк қыз­мет­тi жү­зе­ге асы­ра­ды.
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­тер­ге, мә­лі­мет­тер­ге жүр­гі­зі­л­ген мо­ни­то­ринг, мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын тал­дау және мә­лі­мет­тер, құқық қор­ғау және ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар жүр­гі­зе­тін же­дел-про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­лар нәти­же­ле­рі
30
1 факт
100%
2
Же­ке кү­зет ұй­ы­мы кү­зет қыз­ме­тін жар­ғы­сыз және кү­зет қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­руы­на ар­нал­ған ли­цен­зи­я­сыз жү­зе­ге асы­ра­ды.
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­тер­ге, мә­лі­мет­тер­ге жүр­гі­зі­л­ген мо­ни­то­ринг, мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын тал­дау және мә­лі­мет­тер, құқық қор­ғау және ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар жүр­гі­зе­тін же­дел-про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­лар нәти­же­ле­рі
30
1 факт
100%
2-бө­лім. Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі (ұсы­ным):
3
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі­нің ұсы­ным­ды орын­да­мауы
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі (ұсы­ным)
40
1 факт
100%

2 Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметіне субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 15 мамырдағы № 65
мен Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 12 мамырдағы
№ 390 бірлескен
бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы № 757
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 32 бірлескен бұйрығына
1-2-қосымша
Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметіне субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар
р/с №
Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шар­ттар көр­сет­кі­ші
Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шарт көр­сет­кі­ші бой­ын­ша ақ­па­рат кө­зі
Ма­ңы­зды­лы­ғы бой­ын­ша үлес сал­ма­ғы, балл (со­ма­сы 100 бал­дан ас­па­уы ти­іс),wi
Шар­ттар/мән­дер, xi
1-шарт/мәні
шарт n.../ма­ғы­на­сы
1
2
3
4
5
Та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру үшін
1
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі­нің ұсы­ным­ды орын­да­мауы.
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі (ұсы­ным)
100
1 факт
100%

3 Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметінесубъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 15 мамырдағы № 65
мен Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 12 мамырдағы № 390
бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы № 757
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 32 бірлескен бұйрығына
1-3-қосымша
Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметінесубъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар
р/с №
Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шар­ттар көр­сет­кі­ші
Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шарт көр­сет­кі­ші бой­ын­ша ақ­па­рат кө­зі
Ма­ңы­зды­лы­ғы бой­ын­ша үлес сал­ма­ғы, балл (со­ма­сы 100 бал­дан ас­па­уы ти­іс),wi
Шар­ттар/мән­дер, xi
1-шарт/мәні
шарт n.../ма­ғы­на­сы
1
2
3
4
5
Та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру үшін
1
Заң­ды неме­се же­ке тұл­ға­да кү­зет даб­ы­лы құ­рал­да­рын мон­таж­дау, бап­тау және олар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­тің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның бол­мауы.
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар, ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау және құқық қор­ғау және ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар жүр­гі­зе­тін же­дел-про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­лар нәти­же­ле­рі
50
1 факт
100%
2
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі­нің ұсы­ным­ды орын­да­мауы.
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі (ұсы­ным)
50
1 факт
100%

4 Күзет қызметін мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 15 мамырдағы № 65
мен Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 12 мамырдағы
№ 390 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы № 757
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы № 32
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Күзет қызметін мемлекеттік бақылау бойынша
тексеру парағы
Күзет қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________
____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт __________________________________
____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің атауы _______________________________________
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің ЖСН, БСН __________________________________
____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы____________________________________
____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1-бөлім. Күзет қызметін жүзеге асыратын барлық субъектілер үшін:
1
Жеке күзет ұйымы күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырады.
2
Жеке күзет ұйымы күзет қызметін жарғысыз және күзет қызметін жүзеге асыруына арналған лицензиясыз жүзеге асырады.
3
Жеке күзет ұйымының (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысында жоғары заң білімінің немесе Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдардағы командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдардағы басшылық лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
4
Жеке күзет ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
5
Жеке күзет ұйымы басшысында арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткендігі туралы куәліктің болуы.
6
Жеке күзет ұйымы басшысында арнайы бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы куәліктің болуы.
7
Жеке күзет ұйымының басшысы психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған адам болып табылмайды.
8
Жеке күзет ұйымы басшысы қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адам болып табылмайды.
9
Жеке күзет ұйымының басшысы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам болып табылмайды:
1) рақымшылық жасау актiсiнің салдарынан, егер ол жасалған әрекеттері үшiн жазаны қолдануды жойса;
2) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай;
3) егер iс бойынша іс жүргізу оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда,қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттердi есi дұрыс емес жағдайда жасаған адамға қатысты болса;
4) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi органның немесе лауазымды адамның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;
5) шынайы өкiнуiне байланысты, қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде, процестік келісімнің талаптары орындалған кезде, татуласуға байланысты, кепiлгерліктің белгіленуіне байланысты, жағдайдың өзгеруiне байланысты, ескіру мерзімінің өтуiне байланысты, ауруға шалдығуына байланысты, рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде;
6) егер мемлекеттік айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайларды анықтағанда айыпталушыны қылмыстық қудалаудан бас тартуды мәлімдесе.
10
Басшы лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған, сондай-ақ басшы лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам жеке күзет ұйымының басшысы болып табылмайды:
1) рақымшылық жасау актiсiнің салдарынан, егер ол жасалған әрекеттері үшiн жазаны қолдануды жойса;
2) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай;
3) егер iс бойынша іс жүргізу оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттердi есi дұрыс емес жағдайда жасаған адамға қатысты болса;
4) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi органның немесе лауазымды адамның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;
5) шынайы өкiнуiне байланысты, қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде, процестік келісімнің талаптары орындалған кезде, татуласуға байланысты, кепiлгерліктің белгіленуіне байланысты, жағдайдың өзгеруiне байланысты, ескіру мерзімінің өтуiне байланысты, ауруға шалдығуына байланысты, рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде;
6) егер мемлекеттік айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайларды анықтағанда айыпталушыны қылмыстық қудалаудан бас тартуды мәлімдесе.
11
Жеке күзет ұйымының басшысы басшы лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде мынадай әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған:террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау; ұсақ бұзақылық; пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде қолдану; арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат; алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу; қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау; көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну; бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату; мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау; тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру; лицензиялау нормаларын бұзу; күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды бұзу; Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын бұзу; төтенше жағдай режимiн бұзу; терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында құқықтық режимді бұзу; төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер; құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қабылдамау; қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру; жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы; азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу; азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу; қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану; азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу; азаматтық қаруды, оның патрондарын өткізу үшiн тапсырудан жалтару; Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу; Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру; Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу; паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау; жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну; Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу; мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы, сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеудегі белгіленген талаптарды бұзу; күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру; сотты құрметтемеушілік; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргізуге қатысушылардың жауаптылығы; куәнiң айғақтар беруден бас тартуы немесе жалтаруы; куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы немесе көрінеу дұрыс емес аударма; прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келмеу; құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау; сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау; сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және өзге де заңды талабын орындамау; сот орындаушысына атқарушылық құжаттарды орындауға кедергi келтiру; айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану).
12
Жеке күзет ұйымының басшысы кемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жұмыстан босатылмаған.
13
Жеке күзет ұйымының басшысымен кемінде үш жыл бұрын осыған ұқсас лауазымды немесе жеке күзет ұйымының күзетшісілауазымын атқарған кезеңде мынадай негіздер бойынша еңбек шарты бұзылмаған:
1) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды пайдаланған;
2) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;
3) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;
4) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе бүлдірген;
5) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
6) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
7) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған.
14
Күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскері Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
15
Күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымы жұмыскерініңжасы 19 жастан кем емес.
16
Күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерінде арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткені туралы куәліктің болуы.
17
Күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерінде арнайы бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы куәліктің болуы.
18
Күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымы жұмыскері қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адам болып табылмайды.
19
Күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскері психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған адам болып табылмайды.
20
Күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскері бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам болып табылмайды:
1) рақымшылық жасау актiсiнің салдарынан, егер ол жасалған әрекеттері үшiн жазаны қолдануды жойса;
2) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай;
3) егер iс бойынша іс жүргізу оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттердi есi дұрыс емес жағдайда жасаған адамға қатысты болса;
4) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi органның немесе лауазымды адамның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;
5) шынайы өкiнуiне байланысты, қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде, процестік келісімнің талаптары орындалған кезде, татуласуға байланысты, кепiлгерліктің белгіленуіне байланысты, жағдайдың өзгеруiне байланысты, ескіру мерзімінің өтуiне байланысты, ауруға шалдығуына байланысты, рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде;
6) егер мемлекеттік айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайларды анықтағанда айыпталушыны қылмыстық қудалаудан бас тартуды мәлімдесе.
21
Күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған, сондай-ақ күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскері болып табылмайды:
1) рақымшылық жасау актiсiнің салдарынан, егер ол жасалған әрекеттері үшiн жазаны қолдануды жойса;
2) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай;
3) егер iс бойынша іс жүргізу оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттердi есi дұрыс емес жағдайда жасаған адамға қатысты болса;
4) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi органның немесе лауазымды адамның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;
5) шынайы өкiнуiне байланысты, қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде, процестік келісімнің талаптары орындалған кезде, татуласуға байланысты, кепiлгерліктің белгіленуіне байланысты, жағдайдың өзгеруiне байланысты, ескіру мерзімінің өтуiне байланысты, ауруға шалдығуына байланысты, рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде;
6) егер мемлекеттік айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайларды анықтағанда айыпталушыны қылмыстық қудалаудан бас тартуды мәлімдесе.
22
Күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскері күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде мынадай әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған:террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау; ұсақ бұзақылық; пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде қолдану; арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат; алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу; қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау; көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну; бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату; мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау; тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру; лицензиялау нормаларын бұзу; күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды бұзу; Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын бұзу; төтенше жағдай режимiн бұзу; терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында құқықтық режимді бұзу; төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер; құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қабылдамау; қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру; жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы; азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу; азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу; қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану; азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу; азаматтық қаруды, оның патрондарын өткізу үшiн тапсырудан жалтару; Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу; Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру; Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу; паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау; жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну; Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу; мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы, сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеудегі белгіленген талаптарды бұзу; күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру; сотты құрметтемеушілік; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргізуге қатысушылардың жауаптылығы; куәнiң айғақтар беруден бас тартуы немесе жалтаруы; куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы немесе көрінеу дұрыс емес аударма; прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келмеу; құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау; сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау; сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және өзге де заңды талабын орындамау; сот орындаушысына атқарушылық құжаттарды орындауға кедергi келтiру; айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану).
23
Күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерікемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жұмыстан босатылмаған.
24
Күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерімен кемінде үш жыл бұрын осыған ұқсас лауазымды атқарған кезеңде мынадай негіздер бойынша еңбек шарты бұзылмаған:
1) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды пайдаланған;
2) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;
3) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;
4) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе бүлдірген;
5) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
6) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
7) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған.
2-бөлім. Террористік тұрғыдан осал объектілердің күзетін жүзеге асыратын субъектілер үшін:
25
Күзет қызметтерін көрсету саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
26
Меншік не жалға алу құқығында орталықтандырылған күзет пунктін орналастыруға арналған үй-жайының болуы.
27
Орталықтандырылған бақылау пультінің болуы.
28
Радиобайланыстың болуы.
29
Объектілерден дабыл сигналдарына шығуды қамтамасыз ететін кемінде екі мобильді топтарының (жедел ден қою топтарының) болуы.
30
Қызметтік, оның ішінде атыс қаруының болуы.
3-бөлім. Ұлттық компаниялар құрған күзет қызметі субъектілері үшін:
31
Ұлттық компанияның күзет ұйымын құру құқығына Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөнінде уәкілетті органның келісім-хаттың болуы.
Лауазымдыадам (-дар) _____________________________ _____________
лауазымы қолы
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесініңаты (барболғанжағдайда)
Бақылаусубъектісініңбасшысы_______________________ ______________
лауазымы қолы
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесініңаты (барболғанжағдайда)

Қолданыстағы