О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2018 года № 799 «Об утверждении формы свидетельства об аккредитации, правил проведения аккредитации, оснований и порядка отмены аккредитации объединений субъектов частного предпринимательства и иных некоммерческих организаций и внесении изменений и дополнений в постановление Правительства от 28 декабря 2015 года № 1090 «Об утверждении Типового положения об экспертных советах по вопросам частного предпринимательс Күшін жойған
Басқа 0
«Аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту және «Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы
үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту және
«Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
28 желтоқсандағы № 1090 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 66, 392-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларында, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінде:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бiрлестiктер мен ұйымдар аккредиттеуге жатады.
4. Аккредиттеуді мемлекеттік орган аккредиттеудi жүзеге асыру мерзiмдерi туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегі хабарландыру жарияланғаннан кейiн жыл сайын жүзеге асырады.
Аккредиттеудi жүзеге асыру туралы хабарландырулар мерзiмдi
баспасөз басылымдарында немесе мемлекеттік органдардың ресми
интернет-ресурстарында жарияланады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.