О внесении изменений в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 января 2018 года № 85 и Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 февраля 2018 года № 5 нс «Об утверждении формы и Правил представления талона о прохождении государственного контроля, выдаваемого территориальными подразделениями Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметінінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның нысаны және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 85 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 5 нс
бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның нысаны және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 85 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 5 нс бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16413 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның нысаны және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның нысаны;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтын 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2021 жылғы 17 мамырдағы
№ № 55/қе мен
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 13 мамырдағы
№ 450
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 85 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 5 нс бірлескен бұйрығына 1-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақыты
20___ жыл «___» ________
М.О. *
Өткізу пунктінің атауы
_________________
АКҚ түрі (тиісті торкөзде көрсетіңіз)
Жүк
Автобус
Жеңіл
АКҚ мемлекеттік тиесілігі (тиісті
торкөзде көрсетіңіз)
Қазақстан
Ресей
Беларусь
Өзбекстан
Қырғызстан
Басқа мемлекет_______________________
АКҚ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің нөмірі
________________________________________
АКҚ тіркемесінің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің нөмірі
________________________________________
Талонды толтырушы тұлғаның немесе импортталатын тауарға жауапты тұлғаның (ЖСН) **
ЖСН
Тауарларды импорттайтын заңды тұлғалардың (БСН)
БСН
Талонды толтырушы тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)
__________________________________/ ________________
Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған (қолы)
жағдайда)
Аббревиатуры ашып жазу:
АКҚ – автокөлік құралы;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
М.О. – мөртабан орны.
ескертпе:
* автомобиль өткізу пунктінің атауын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күнінің көрсетілуімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесі мөртабанының орны.
** заңды тұлғаның атынан талонды толтырған, тұлға толтырады.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті
Төрағасының
2021 жылғы 17 мамырдағы
№ № 55/қе мен
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 13 мамырдағы
№ 450
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 85 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 5 нс бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды (бұдан әрі – талон) ұсыну қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 442-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні талон негізінде айқындалады.
Салық төлеушінің импортталған тауарларды есепке қабылдаған күні, атап айтқанда, тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн салық салынатын импорттың жасалған күні болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну тәртібі
Тармақ 3
3. Талонды беруді тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.
Тармақ 4
4. Автомобиль өткізу пункттерінде талонды тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға бір данада толтырады.
Тармақ 5
5. Тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға талонды толтырғаннан кейін Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан автокөлік құралының өткендігі туралы талонға автомобиль пунктінің атауы мен кесіп өту мерзімі көрсетілген мөртабан қояды.
Тармақ 6
6. Егер тауар бірнеше салық төлеушілерге тиесілі болған жағдайда, тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға талонның түпнұсқасын салық төлеушіге тауар алғаш жеткізілген кезде береді, қалған салық төлеушілерге талонның көшірмелерін береді.
Тармақ 7
7. Талонмен автомобиль өткізу пункттеріндегі Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.