О внесении изменений в решение акима Жангалинского района от 30 ноября 2018 года № 9 «Об образовании избирательных участков на территории Жангалинского района» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңақала ауданы әкiмiнiң «Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы № 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жаңақала ауданы әкiмiнiң «Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5417 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасында: № 113 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын: «№ 113 сайлау учаскесі Жаңақала ауылы, Болашақ ықшам ауданы, 27, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің «№ 3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Жаңақала ауылы, Жайық, Жиембет жырау, Береке, Нарын, Кенесары хан, Әлихан Бөкейхан, Жерұйық, Жанша Досмұхамедұлы, Аманат, Доспамбет жырау, Бейбарыс сұлтан, Серпер, Қыз Жібек, Қажымұқан, Әбу Насыр әл-Фараби, Алаш, Алпамыс батыр, Есен Орақбаев, Мәншүк Мәметова, Ұзақбай Рахматуллин, Кенжебек Мендәлиев, Аян Жантурин, Астана, Ізмұхамед Еділбаев, Ахмет Дауылбаев, Хамит Маданов, Мамен, Әбділхамит Нарымбетов, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, Бақтығали Уәлиев, Габдулла Чуланов, Ғұмар Салықов, Оқап Қабиғожин, Қазақстан, Дінмұхамед Қонаев, Қалимолла Халықов, Қадыр Мырза Әли, Мәңгілік ел, Хиуаз Доспанова, Жаңақоңыс, Әбіш Кекілбайұлы, Ахмет Жұбанов көшелері, Болашақ шағын ауданының барлық үйлері.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.