О внесении изменений в решение Кармакшинского районного маслихата от 30 марта 2018 года №162 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата Кармакшинского района» Күшін жойған
Басқа 0
Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №162 «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №162 «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6254 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесінде:
41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.».
42-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.