О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2019 года № 1032 «Об определении видов и объемов помощи, предоставляемой в рамках гарантированного социального пакета» Күшін жойған
Басқа 0
«Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын
көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1032 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы
17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 63-64, 468-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерінде:
1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың түрлері мен көлемдері
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Кепілдік берілген әлеуметтік
топтама шеңберінде ұсынылатын
көмектің түрлері мен
көлемдеріне
1-қосымша
Бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың түрлері мен көлемдері
Санаты
Түрі
Көлемі
1
2
3
1. Азық-түлік жиынтығы
Бір жастан үш жасқа дейінгі балалар
гипоаллергенді жеміс езбесі және (немесе) көкөніс езбесі (зауыттық қаптамада 50-ден 100 грамға дейінгі көлемде, алты айдан үш жасқа дейінгі балаларға пайдалануға рұқсат етілген)
кемінде
1200 грамм
балаларға арналған гипоаллергенді балалар ботқасы (зауыттық қаптамада, алты айдан үш жасқа дейінгі балаларға пайдалануға рұқсат етілген)
кемінде
320 грамм
өлшеп оралған жүгері жармасы, зауыттық қаптамада
кемінде
400 грамм
өлшеп оралған сұлы үлпегі, зауыттық қаптамада
кемінде
800 грамм
балаларға арналған балалар печеньесі (бір жастан үш жасқа дейінгі балаларға пайдалануға рұқсат етілген, зауыттық қаптамада)
кемінде
180 грамм
пастерленген немесе ультрапастерленген майлылығы 2,5 %, зауыттық қаптамадағы сүт
кемінде
2 литр
1
2
3
Үш жастан алты жасқа дейінгі балалар
пастерленген немесе ультра пастерленген, зауыттық қаптамадағы, майлылығы 2,5 % сүт
кемінде
2 литр
бидайдың қатты сорттарынан жасалған макарондар, зауыттық қаптамада
кемінде
800 грамм
өлшеп оралған сұлы үлпегі, зауыттық қаптамада
кемінде
800 грамм
күнбағыс майы, зауыттық қаптамада
кемінде
0,8 литр
классикалық гематоген
кемінде
240 грамм
құрамында тұтас дақылдары бар, таңғы асқа арналған сүтті жастықшалар, зауыттық қаптамада
кемінде
250 грамм
балаларға арналған зауыттық қаптамадағы печенье
кемінде
400 грамм
өлшеп оралған арпа жармасы, зауыттық қаптамада
кемінде
800 грамм
өлшеп оралған қарақұмық немесе күріш жармасы, зауыттық қаптамада
кемінде 1,6 кг
өлшеп оралған уатылған бұршақ, зауыттық қаптамада
кемінде
800 грамм
өлшеп оралған ұнтақ жармасы, зауыттық қаптамада
кемінде
700 грамм
табиғи бал, зауыттық қаптамада
кемінде
200 грамм
2. Тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы
Бір жастан алты жасқа дейінгі балалар
балалар тіс пастасы
кемінде
50 миллилитр
балалар тіс щеткасы
кемінде
1 бірлік
балаларға арналған гипоаллергенді сабын
кемінде
180 грамм
балалар сусабыны
кемінде
200 миллилитр
балалар кремі
кемінде
45 миллилитр
кірсабын
кемінде
200 грамм
балалар кіржуғыш ұнтағы
кемінде
800 грамм
Ескертпе:
Тармақша 1
1) азық-түлік жиынтығы «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»
2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тамақ өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сай болуға тиіс;
Тармақша 2
2) тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы оларды сақтау және тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
4 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің қауіпсіздік пен сапа талаптарына сай болуға тиіс.