О внесении изменения и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 30 января 2019 года № 11-1-4/33 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 11-1-4/33 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 11-1-4/33 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде: 14 тармақта: 17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «17) инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу тәртібін салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу;»; мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын: «18) инвестициялық салық кредитін беру туралы келісімдер жасасу.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты ресми жариялауды, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.