О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 30 января 2019 года № 11-1-4/33 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 11-1-4/33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 11-1-4/33 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31.»; 14-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) қолданыстағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша инвесторларды немесе олардың өкілдерін қабылдау және оларға консультация беру бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;»; 3) және 4) тармақшалар алып тасталсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі қызметті үйлестіру мен мониторингті жүзеге асыру;»; 8) тармақша алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты ресми жариялауды, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі