О внесении изменения в решение маслихата от 30 апреля 2019 года № 278 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Наурзумском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 278 «Науырзым ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Науырзым ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 278 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасында: 1 тармақ: бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын: «Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.