О внесении изменения в решение маслихата от 30 апреля 2019 года № 278 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Наурзумском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 278 «Науырзым ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Науырзым аудандық мәслихаттың «Науырзым ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 278 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасында 3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.