О внесении изменений в постановление акимата Целиноградского района от 30 декабря 2019 года № А-3/619 «Об утверждении схем пастбищеоборотов на основании геоботанического обследования пастбищ Нуресильского сельского округа, сельского округа Кабанбай батыра, Караоткельского сельского округа, Кояндинского сельского округа, Косшынского сельского округа, Жарлыкольского сельского округа, сельского округа Тасты, Арайлынского сельского округа, Жанаесильского сельского округа, Оразакского сельского округ Күшін жойған
Басқа 0
«Целиноград ауданы Нұресіл ауылдық округі, Қабанбай батыр ауылдық округі, Қараөткел ауылдық округі, Қоянды ауылдық округі, Қосшы ауылдық округі, Жарлыкөл ауылдық округі, Тасты ауылдық округі, Арайлы ауылдық округі, Жаңаесіл ауылдық округі, Оразақ ауылдық округі, Родина ауылдық округі, Приречный ауылдық округі, Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі, Софиевка ауылдық округі, Талапкер ауылдық округі, Шалқар ауылдық округі бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы» Целиноград ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № А-3/619 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Целиноград ауданы Нұресіл ауылдық округі, Қабанбай батыр ауылдық округі, Қараөткел ауылдық округі, Қоянды ауылдық округі, Қосшы ауылдық округі, Жарлыкөл ауылдық округі, Тасты ауылдық округі, Арайлы ауылдық округі, Жаңаесіл ауылдық округі, Оразақ ауылдық округі, Родина ауылдық округі, Приречный ауылдық округі, Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі, Софиевка ауылдық округі, Талапкер ауылдық округі, Шалқар ауылдық округі бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7607 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде 2020 жылғы 5 қаңтарда жарияланған) Целиноград ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № А-3/619 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбында, 1-тармағында және 4-қосымшасындағы «Қоянды ауылдық округі» сөздері «Қоянды ауылы» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.С. Жантеміровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.