О внесении изменений в приказ Ответственного секретаря Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 июля 2019 года № 4-П «Об утверждении Положения о Комитете лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-П бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-ө бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ереже
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы «___» желтоқсандағы №___ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-Ө бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң (бұдан әрі - Министрлік) құзыретi шегінде оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен жүктелген орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында стратегиялық, реттеуші, атқарушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган және ведомство болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады. Егер Комитет заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында стратегиялық, атқарушылық және бақылау функцияларын орындау.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) өзінің құзіреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдар сұратады және алады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
Тармақша 4
4) мемлекеттік қызмет стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызметті алушылардың хабардар болуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау үшін тиісті ақпарат беруге қатысу;
Тармақша 7
7) заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға тиісті ақпарат беруге қатысу;
Тармақша 8
8) мемлекеттік қызметті алушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
Тармақша 10
10) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитетке жүктелген функцияларды уақытылы және сапалы орындау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 3
3) ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
Тармақша 4
4) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге тексерулер арқылы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi іс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының, екпелердің табиғи антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден әлсіреуінің және қурап-солып қалуының пайда болуының, таралуының алдын алу, олардың нақты есебін жүргізу мен болжам жасаудың дәлме-дәлдiгi жөнiндегi шаралардың дер кезінде қабылдануына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) кеспеағаштардың бөлінуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман тұқымдарының аудандастырылуы, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану қағидалары сақталуына мемлекеттік бақылауды және олардың сапасына, питомник шаруашылығының жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердің қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндіру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде есептік кеспеағаштарды және ағаштың кесілетін жасын белгілейді және бекітеді;
Тармақша 12
12) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандың мемлекеттік мониторингін жүргізу және орман орналастыру қағидаларын әзірлейді және олардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар белгілеген қағидаттарға сәйкес ормандарды қорғау, күзету, молықтыру, орман өсіру және орман пайдалану саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша есебін тыңдайды;
Тармақша 15
15) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ өзінің қарауындағы ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
Тармақша 16
16) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеу және жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады;
Тармақша 17
17) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілдік және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше күзетілетін табиғи аумақтар саласындағы заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
Тармақша 19
19) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орман шаруашылығымен айналысатын жергiлiктi атқарушы органдарын, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдарын орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi бойынша үйлестiрудi және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) орман орналастыру жобаларын бекітеді;
Тармақша 21
21) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларына сәйкес мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 22
22) орман тұқымдарын аудандастыруды бекітеді;
Тармақша 23
23) орман пайдаланушыларға орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген өзінің қарамағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу келтірген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелер әзірлейді;
Тармақша 25
25) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар әзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды;
Тармақша 26
26) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен айналысатын жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 27
27) ағаштардың қурау және құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 28
28) мемлекеттік органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 29
29) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады;
Тармақша 30
30) тексерулер арқылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында күзет режимдерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 31
31) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту, сондай-ақ «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде өз құзыреті шегінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 32
32) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумағын азайту тәртібін әзірлейді және ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 33
33) өзінің қарауындағы заңды тұлға мәртебесіндегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарифтер мөлшерін бекітеді;
Тармақша 34
34) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді;
Тармақша 35
35) табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану тәртібін бекітеді;
Тармақша 36
36) өзінің қарамағындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін бекітеді;
Тармақша 37
37) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін бекітеді;
Тармақша 38
38) өздерінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарайды;
Тармақша 39
39) өзінің қарамағындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық дәліздер құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеуді және оларды бекітуді ұйымдастырады;
Тармақша 40
40) өзінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық жасауды, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 41
41) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызмет ұйымдастырады;
Тармақша 42
42) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізеді;
Тармақша 43
43) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 44
44) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздер аумағын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамасын келісімдейді;
Тармақша 45
45) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізеді;
Тармақша 46
46) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар береді;
Тармақша 47
47) аңшы куәлігін беру жөніндегі есептіліктің нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 48
48) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге рұқсаттар береді;
Тармақша 49
49) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
Тармақша 50
50) жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебін, оның кадастрын және мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 51
51) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 52
52) интернет-ресурста зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, орналастырады және тоқсан сайын жаңартып тұрады;
Тармақша 53
53) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 54
54) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
Тармақша 55
55) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 56
56) Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуына бақылау жасайды;
Тармақша 57
57) Аң аулау қағидаларының сақталуына бақылау жасайды;
Тармақша 58
58) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердің сақталуына бақылау жасайды;
Тармақша 59
59) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды және қадағалайды;
Тармақша 60
60) жануарлар дүниесін пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 61
61) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы келісімдейді;
Тармақша 62
62) жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат құжатын) береді;
Тармақша 63
63) балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорында және (немесе) учаскелері мен аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесінің өсімін молайтуды және мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Тармақша 64
64) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланудың және (немесе) оларды пайдалануға тыйым салудың белгіленген мерзімдерін ауыстыру туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеменің негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
Тармақша 65
65) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат ұсынады;
Тармақша 66
66) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 67
67) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасы орман заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрады;
Тармақша 68
68) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің актілерінде кезделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитетке басшылық жасауды төраға жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапкершілікте болады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрдің бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда);
Тармақша 3
3) Министрліктің келісімі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының ұсынымы бойынша филиалдардың директорларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 6
6) аумақтық бөлімшелердің басшы орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 7
7) Министрге аумақтық органдардың басшылары ынталандыру және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 8
8) өзінің орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 9
9) өзінің құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шаралар қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданылуы үшін дербес жауаптылықта болады;
Тармақша 10
10) Комитет қызметкерлерін (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда), сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 11
11) аумақтық бөлімшелердің басшыларына іссапарға жіберу (шетелге іссапарға жіберуді қоспағанда), материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешеді;
Тармақша 12
12) заңнамада белгіленген тәртіппен аумақтық органдардың басшылардың орынбасарларын, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда) іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, үстемақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
Тармақша 13
13) Комитеттің аумақтық органының басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін Комитеттің аумақтық органы басшының орынбасарына немесе басқа қызметкеріне жүктеу мәселелерін заңнамада белгіленген тәртіппен шешеді;
Тармақша 14
14) құрылымдық бөлімшелердің ережелерін және өзінің құзіреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылтай құжаттарын, сондай-ақ Комитеттің қарамағындағы аумақтық органдардың ережелерін бекітеді;
Тармақша 15
15) Комитет қызметкерлерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларының (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда) лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 16
16) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымы мен штат кестелерін келісімдейді;
Тармақша 17
17) реттелмелі салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;
Тармақша 18
18) аумақтық органдардың Комитетпен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;
Тармақша 19
19) аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар актілерінің күшін жояды немесе қолданылуын толық немесе ішінара тоқтатады;
Тармақша 20
20) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Комитеттің өкілі болады;
Тармақша 21
21) Комитетте қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік сатып алуды өткізуге жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңдары мен Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Комитет басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 20
20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24. Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 23
23. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 25
25. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 26
26. Қазақстан Республикасы Экология,геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 27
27. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 28
28. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 29
29. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 30
30. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 31
31. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 32
32. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 33
33. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық-тұқым шаруашылығы орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
Тармақ 34
34. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Есік мемлекеттік дендрологиялық паркі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 35
35. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 36. Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлiмшелердің тізбесі:
36. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлiмшелердің тізбесі:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 14
14. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.