О внесении изменения в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 30 апреля 2019 года № 411 «Об утверждении формы решения о признании уведомления об устранении нарушений, выявленных органами государственных доходов по результатам камерального контроля, не исполненным, и сроков его вынесения» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысанын және оны шығару мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 411 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысанын және оны шығару мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 411 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18633 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімді Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жасаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдары шығарады деп белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.