О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 марта 2019 года № 42 «Об утверждении Правил осуществления экспортно-импортного валютного контроля в Республике Казахстан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18539 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында: 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Экспорттаушы немесе импорттаушы есептік нөмір алу үшін тараптардың бірі экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін есептік нөмірді алу үшін өтініш жасайды. Егер экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды оның бейрезидент қатысушысы бірінші болып бастаса және осындай орындау резидент экспорттаушының немесе импорттаушының пайдасына мүлікті беруге (ақшаның түсуіне) байланысты болса, онда осындай резидент мүлікті (ақшаны) өзінің иелігіне алғанға дейін есептік тіркеу үшін өтініш береді. Егер бейрезидент қатысушы шет мемлекеттің аумағында тараптардың бірі азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысы сертификаты бар резидент заңды тұлға болып табылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) импорты жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бірінші болып бастаса, онда резидент бейрезидент міндеттемелерін орындағаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде, бірақ резидент міндеттемелерді орындауды бастаған күннен кешіктірмей валюталық шартты есептік тіркеу үшін өтініш береді. Талап қоюдың өтуі нәтижесінде немесе борышты аудару нәтижесінде бейрезидентке талап қою құқығын қабылдаған немесе бейрезидент алдындағы борышты қабылдаған экспорттаушы немесе импорттаушы есепті тіркеу үшін осындай талап ету құқығы немесе борыш қабылданған күннен бастап, бірақ тараптардың кез келгені өткізілген талап (аударылған борыш) бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өтініш жасайды.»; 4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Төлем балансы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 шілдеден туындаған қатынастарға қолданылады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 20__ жылғы ___ ________ №___ қаулысына қосымша Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылды: www. nationalbank.kz Индексі: EICC_1 Кезеңділігі: күн сайын Есепті кезең: 20 ___ жылғы ________ Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк Ұсыну мерзімдері: 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) есептік нөмір берілген, есептік тіркеуден алып тасталған, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылау рәсімдерін қалпына келтірген, Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 32-тармағына сәйкес хабарлама жіберген, жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуы туралы ақпаратты ұсыну жөніндегі сұратуын алған күннен кейін;
Тармақша 2
2) есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттарды қабылдаған күннен кейін. Нысан Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ________________________________ Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт түрінің коды Экспорттаушы немесе импорттаушы жөніндегі ақпарат Нөмірі Күні Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ББСН Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) Экспорттаушының немесе импорттаушының белгісі Облыс коды 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат Экспорт немесе импорт белгісі Нөмірі Күні Сомасы мың бірлікпен Валютасы 9 10 11 12 13 кестенің жалғасы Бейрезидент жөніндегі ақпарат Репатриациялау мерзімі Валюталық шартты есептік тіркеуден алу Іскерлік қатынастарды бұзу ниеті туралы және есептік тіркеу банкінің өзгеруі туралы хабарламаны жіберу күні Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Елі Күні Негізі 14 15 16 17 18 19 Атауы_______________________ Мекенжайы ______________________ Телефоны _____________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы__________________________________ Орындаушысы ________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы телефоны Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам _____________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы телефоны Күні 20 ____ жылғы «____»_____________
Басқа 12
«Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды толтыру кезінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша қолда бар деректерді пайдаланады.
Тармақ 4
4. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.
Тармақ 5
5. Деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру
2-тарау. Нысанды толтыру
Тармақ 6
6. Нысан Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 30, 32 және 35-тармақтарына сәйкес ұсынылады және мына жағдайлар:
Тармақша 1
1) есептік нөмір берілген, есептік тіркеуден алып тасталған, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылау рәсімдерін қалпына келтірген, Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 32-тармағына сәйкес хабарлама жіберген, жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуы туралы ақпаратты ұсыну жөніндегі сұратуын алған кезде;
Тармақша 2
2) есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттарды қабылдаған кезде жіберіледі.
Тармақ 7
7. 1-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірін беру күні көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 3-бағанда мыналар көрсетіледі: «1» – талаптарында Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарлардың орнын ауыстыру көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт; «2» – талаптарында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт; «3» – талаптарында Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарлардың орнын ауыстыру, сол сияқты жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт.
Тармақ 10
10. 4-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Егер 7-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының «1» – заңды тұлға (оның филиалы) белгісі көрсетілсе, 5-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының БСН көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Егер 7-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының «2» – дара кәсіпкер белгісі көрсетілсе, 6-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының ЖСН көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, 7-бағанда «1» белгісі, егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болып табылса, «2» белгісі қойылады.
Тармақ 14
14. 8-бағанда ҚР МС 11-2009 «Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес экспорттаушының немесе импорттаушының заңды мекенжайы бойынша облыс кодының алғашқы екі саны көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 9-бағанда мынадай белгілер көрсетіледі: «1» – егер экспорт жөніндегі валюталық шарт; «2» – егер импорт жөніндегі валюталық шарт.
Тармақ 16
16. 10-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың нөмірі (бар болса) көрсетіледі.
Тармақ 17
17. 11-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың күні көрсетіледі.
Тармақ 18
18. 12-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың сомасы шарт валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.
Тармақ 19
19. 13-бағанда ҚР ҰС 07 ISO 4217-2012 «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» ұлттық сыныптауышына сәйкес валюталардың әріптік белгіленуі көрсетіледі.
Тармақ 20
20. 14-бағанда шетелдік сатып алушының немесе жеткізушінің атауы немесе тегі, аты әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
Тармақ 21
21. 15-бағанда ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары» ұлттық сыныптауышына сәйкес шетелдік сатып алушы немесе жеткізуші елінің екі әріптік коды көрсетіледі.
Тармақ 22
22. 16-бағанда репатриациялау мерзімі көрсетіледі.
Тармақ 23
23. 17-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алу күні көрсетіледі.
Тармақ 24
24. 18-бағанда Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 48-тармағына сәйкес экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алу негізіне сәйкес келетін цифрлық код көрсетіледі.
Тармақ 25
25. 19-бағанда іскерлік қатынастарды бұзу ниеті туралы және Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 32-тармағына сәйкес есептік тіркеу банкін өзгерту жөнінде хабарлама жіберу күні көрсетіледі.
Тармақ 26
26. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты алып тастау туралы ақпаратты жіберу кезінде 1, 2, 17 және 18-бағандар толтырылады.
Тармақ 27
27. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ақпарат жіберу кезінде 1 және 2-бағандар, сондай-ақ мәліметтері нақтылануға тиіс бағандар толтырылады.
Тармақ 28
28. Іскерлік қатынастарды бұзу ниеті туралы және есептік тіркеу банкінің өзгеруі туралы хабарлама бойынша ақпарат жолдаған кезде 1, 2, және 19-бағандар толтырылады.
Тармақ 29
29. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау рәсімдерін қалпына келтіру кезінде 1 және 2-бағандар толтырылады.
Тармақ 30
30. 2, 11 және 17-бағандар сегіз цифрмен мынадай ретте: күні, айы, жылы көрсетіліп толтырылады.
Тармақ 31
31. «Атауы», «Мекенжайы», «Телефоны», «Электрондық пошта мекенжайы», «Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам» және «Орындаушы» деген жолдар Нысан қағаз тасымалдағышта ұсынылған жағдайда толтырылады.