О внесении изменений и дополнений в приказ Ответственного секретаря Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 июля 2019 года № 5-П «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения Комитет экологического регулирования и контроля Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан и его территориальных органов» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі №5-Ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 232 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі №5-Ө бұйрығына және оған қосымшаға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы «____» ________ № ______ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 5-Ө бұйрығына 1-қосымша «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, тиісті үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша, заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрығымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрімен келісе отырып, Министрліктің Аппарат басшысы бекітеді.
Тармақ 8
8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, №8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 15-кіреберіс.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттемелерді орындау мәні бойынша Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді. Егер Комитетке табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы ұсынылса, онда ондай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
Тармақ 13
13. Комитеттің негізгі міндеті мыналар:
Тармақша 1
1) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
Тармақша 2
2) табиғи ресурстарды сақтау, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру болып табылады;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін өз құзыреті шегінде жетілдіру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 5
5) эмиссияларды ұйымдастыру, үйлестіру, нормалау және экологиялық рұқсаттарды беруді жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) кешенді экологиялық реттеуді беруді жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) Комитеттің аумақтық экология департаменттеріне басшылықты және олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ оларды әдістемелік қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты тарату және ағарту жүйесін дамыту;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
Тармақша 11
11) өз құзыреті шегінде Комитетке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 14
14. Комитеттің негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) рұқсат берілетін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) қауіпті қалдықтарды экспорттауға және импорттауға лицензия береді;
Тармақша 3
3) парниктік газдар шығарындыларына қосымша квота көлемін береді;
Тармақша 4
4) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындайды;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, кейіннен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы қорытындымен бірге беріледі, келісіледі немесе келісілмейді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 87-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама шеңберінде I санаттағы объектілер үшін ықпал етуге рұқсат беруді жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) кешенді экологиялық рұқсат беруді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) қоршаған ортаға ықтимал елеулі әсерлерді анықтау, зерделеу және бағалау мақсатында қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүзеге асырады, кейіннен қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды бере отырып, оны одан әрі іске асыруға жол беріледі/жіберілмейді;
Тармақша 9
9) кейіннен қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды бере отырып, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындайды;
Тармақша 10
10) белгіленіп отырған қызметті іске асыру кезіндегі іс жүзіндегі әсерлердің жобадан кейінгі талдауын бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) I санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсатты және кешенді экологиялық рұқсатты қайта ресімдейді;
Тармақша 12
12) I санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсат және кешенді экологиялық рұқсат беруден бас тартуды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) берілген бөлігінде түзетуді жүзеге асырады: - I санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсат; - кешенді экологиялық рұқсат; - мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы; - қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын анықтау туралы қорытындылар; - қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындылар;
Тармақша 14
14) апелляциялық комиссия құрады;
Тармақша 15
15) апелляциялық комиссияның Ережесін және құрамын бекітеді;
Тармақша 16
16) тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттері мен әрекетсіздігін қарайды;
Тармақша 17
17) озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді ЕАЭО елдерінен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен бекітілетін бірыңғай нысан бойынша рұқсат береді;
Тармақша 18
18) табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық немесе өзге де рұқсаттарда көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған, қоршаған ортаға және (немесе) халық денсаулығына аса ірі нұқсан келтірген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғат пайдалануға арналған экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе олардан айыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 19
19) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп барлау жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 21
21) жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасын келіседі;
Тармақша 22
22) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;
Тармақша 23
23) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиялар беруді жүзеге асырады (қызметтің кіші түрлері: шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін табиғат қорғауды жобалау, нормалау; қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою);
Тармақша 24
24) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;
Тармақша 25
25) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 26
26) ең озық қолжетімді технологиялар тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 27
27) экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын, оның ішінде экологиялық заңнаманың сақталуын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады: - Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына; - қоршаған ортаның ластану салдарын жою бойынша шаралар өткізу; - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына қарай босаған немесе басқа да процестер мен жұмыстарды бұзатын жерлерді Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес оларды одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтірумен; -қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық-келісімшарттық шарттардың сақталуына; - қоршаған орта объектілерінің бүлінуіне әкеп соғатын жер қойнауының ластанудан, суланудан және техногендік процестерден сақталуына; - жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының сақталуына; - жер қойнауы учаскесін және жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарын жою; - жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды өңдеу кезінде экологиялық нормалар мен ережелерді сақтау; - пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жобалық шешімдердің сақталуына; - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялық немесе өзге де қауіпті жағдайларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды орындауға; - зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуге және сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға; - су сапасының нормативтерін сақтау; - атмосфералық ауаны қорғаудың, оның ішінде көлік және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға шығару және пайдалану кезінде техникалық регламенттердің, нормативтердің, қағидалардың және өзге де талаптардың сақталуына; - қалдықтарды жинау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына; - парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыру кезінде талаптардың сақталуына; - қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөніндегі экологиялық талаптар бөлігінде радиоактивті және өзге де экологиялық қауіпті заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе өзге де айналысы қағидаларын сақтау; - экологиялық рұқсаттарда белгіленген табиғат пайдалану шарттарының орындалуымен; - өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандыру бойынша белгіленген нормалар мен ережелерді сақтау; - ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің стационарлық көздері бар және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектілерге қойылатын экологиялық талаптарды сақтау; - тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерінің сақталуына; - өндірістік экологиялық бақылау нормалары мен ережелерінің сақталуына; - Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына; - қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырудың біліктілік талаптары мен ережелерін сақтау; - мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің міндеттілігі туралы талаптардың сақталуына және оның шарттарының орындалуына; - қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау ережелерін сақтау; - «Байқоңыр» кешенінің аумағында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына; - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға озонды бұзатын заттардың нақты әкетілген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді ұсыну туралы талаптардың сақталуына; - өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауы; - оператордың Қазақстан Республикасының Экология кодексінде айқындалған талаптарды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауымен;
Тармақша 29
29) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 30
30) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 31
31) полигондарда қалдықтарды орналастыруға және полигондарды күтіп-ұстауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 32
32) мемлекеттік экологиялық бақылау органдары жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;
Тармақша 33
33) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;
Тармақша 34
34) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумағын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамасын келісуді жүзеге асырады;
Тармақша 35
35) эмиссиялардың, оның ішінде атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының жылжымалы көздері үшін техникалық үлестік нормативтерін әзірлейді және бекітеді.
Тармақша 36
36) құзыреті шегінде кемелерден ластануды болдырмау жөніндегі қағидаларды келіседі;
Тармақша 37
37) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүргізеді;
Тармақша 38
38) нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындайды, реттелетін салалардағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізеді;
Тармақша 39
39) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 40
40) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 41
41) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 42
42) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 43
43) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарайды;
Тармақша 44
44) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
Тармақша 45
45) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 46
46) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 47
47) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны көрсетуді электрондық форматқа көшіру жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 48
48) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 49
49) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 50
50) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік береді;
Тармақша 51
51) бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат ұсынады;
Тармақша 52
52) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді;
Тармақша 53
53) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 54
54) халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасы міндеттемелерінің орындалуын және құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықаралық шарттарға басқа да қатысушылардың өз міндеттемелерін орындауын бақылайды;
Тармақша 55
55) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;
Тармақша 56
56) сараптамалық кеңестер құрады;
Тармақша 57
57) нормативтік техникалық құжаттар техникалық регламенттердің талаптарын іске асыру үшін қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды ұлттық стандарттар ретінде әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 58
58) реттелетін салада біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
Тармақша 59
59) екінші санаттағы рұқсатты алу үшін өтініштер нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
Тармақша 60
60) бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін), тексеру парақтарын іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады;
Тармақша 61
61) реттелетін салаларда тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді және тексерулер жүргізудің бекітілген жартыжылдық кестелерін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін қалыптастыруы үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
Тармақша 62
62) өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 63
63) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекітеді;
Тармақша 64
64) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;
Тармақша 65
65) реттелетін саладағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 66
66) Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекітеді;
Тармақша 67
67) Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 68
68) Қазақстан Республикасының Экология кодексінде көзделген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 69
69) Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттарын белгілейді;
Тармақша 70
70) Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 71
71) Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 72
72) Қалдықтардың жинақталу лимиттерін және қалдықтарды көму лимиттерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 73
73) Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 74
74) жыл сайын 1 мамырға дейін ресми интернет-ресурста өткен жылғы - мемлекеттік экологиялық саясаттың іске асырылу барысы; - экологиялық залалды ремедиациялау бойынша іске асырылған іс-шаралар; - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған республикалық бюджеттің шығыстары; - мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін бюджетке өндіріп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы туралы ақпарат орналастырады;
Тармақша 75
75) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын әзірлейді;
Тармақша 76
76) Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 77
77) Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 78
78) Мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 79
79) Мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 80
80) Мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлердің тізбесіне қосу үшін хердерлерді айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 81
81) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу және сезімталдық индексін айқындау жөнінде шешім қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 82
82) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу әдіснамасын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 83
83) Техникалық газды күкіртпен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 84
84) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 85
85) Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, сондай-ақ әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін, әсер етуге экологиялық рұқсат алуға өтініштер нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 86
86) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 87
87) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін айқындайды;
Тармақша 88
88) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді белгілейді;
Тармақша 89
89) әсер етуге экологиялық рұқсат берілетін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді белгілейді;
Тармақша 90
90) Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 91
91) қажет болған кезде бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
Тармақша 92
92) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 93
93) бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастырады, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді;
Тармақша 94
94) өзінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, лауазымды адамдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауына ішкі бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 95
95) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 96
96) Ауыр металдар эмиссияларын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 97
97) Орнықты органикалық ластаушы заттар эмиссияларын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 98
98) Жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидаларын және жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 99
99) Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 100
100) Атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 101
101) Су объектілеріне жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 102
102) Күкіртті карталарда ашық түрде орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 103
103) Жол берілетін жиынтық антропогендік жүктеме нормативтерін әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 104
104) Қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 105
105) I және II санаттағы объектілерге өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу, ішкі есепке алуды жүргізу, өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мерзімді есептерді қалыптастыру және ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 106
106) қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 107
107) Қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 108
108) I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 109
109) Кепілдік беру, банктік салым кепілі, мүлік кепілі және сақтандыру туралы өтініштің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 110
110) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын кепілдіктің үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 111
111) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде банктік салым кепілінің үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 112
112) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілінің үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 113
113) Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды, оның ішінде оларға қойылатын біліктілік өлшемшарттарын тарту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 114
114) Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 115
115) Жиынтық экологиялық пайдаға талдау жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 116
116) Мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жою үшін диспергенттер мен хердерлерді диспергенттер мен хердерлер тізбесіне қосу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 117
117) Газдарды тазарту қондырғыларын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 118
118) Экологиялық рұқсаттар мен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 119
119) қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 120
120) тиісті салада мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 121
121) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді;
Тармақша 122
122) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізеді;
Тармақша 123
123) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 124
124) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындайды;
Тармақша 125
125) реттелетін салаларда рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 126
126) озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 127
127) мыналарға: экологиялық рұқсаттар беру рәсімі, сондай-ақ кешенді экологиялық рұқсаттарды қайта қарау рәсімі шеңберінде I санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасын әзірлеуге; кешенді экологиялық рұқсаттарды беру рәсімі шеңберінде II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасын операторлар оларды ерікті түрде алған жағдайда; Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 87-бабы бірінші бөлігінің 3) – 8) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілеріне қатысты экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 128
128) апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
Тармақша 129
129) апелляциялық комиссияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тексеру нәтижелері туралы актісіне шағымды шағым жасалатын мәселелер шегінде қарайды;
Тармақша 130
130) экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация табыс етеді;
Тармақша 131
131) озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар береді;
Тармақша 132
132) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты жеке және заңды тұлғалардың рұқсаттарын, қорытындыларын, лицензияларын және басқа да рұқсат беру құжаттарын кері қайтарып алу, олардан айыру және олардың қолданысын тоқтата тұру жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдайды;
Тармақша 133
133) кешенді экологиялық рұқсаттар береді;
Тармақша 134
134) өндірістік және басқа да сарқынды суларды теңізге ағызу үшін мұндай суларды белгіленген нормативтерге дейін тазарту шартымен рұқсаттар береді;
Тармақша 135
135) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;
Тармақша 136
136) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар береді;
Тармақша 137
137) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 138
138) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауын, оның ішінде: - Қазақстан Республикасы Экология кодексінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ережелерін сақтауын; - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы экологиялық талаптардың сақталуын; - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды консервациялау және салдарын жою, бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезінде экологиялық талаптардың сақталуын; - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауын; - оператордың Қазақстан Республикасының Экология кодексінде айқындалған талаптарды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауын; - қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін, сондай-ақ хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті жүзеге асырудың біліктілік талаптары мен ережелерін сақтауын; - жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 139
139) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 140
140) әкімшілендірілетін қондырғылардың парниктік газдардың квоталанатын шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 141
141) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 142
142) полигондарда қалдықтарды орналастыруға және полигондарды күтіп-ұстауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 143
143) белгіленген құзыреті шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 144
144) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумағын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамасын келісуді жүзеге асырады;
Тармақша 145
145) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 146
146) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
Тармақша 147
147) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 337-бабының 1-тармағында көрсетілген субъектілерден хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;
Тармақша 148
148) Эмиссиялары экологиялық нормалауға жататын ластаушы заттардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 149
149) құзыретті органмен бірлесіп, Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарларын жою бойынша зерттеу нәтижелерін және жұмыстарды қабылдау тәртібін айқындайды;
Тармақша 150
150) Нақты аумақтар және (немесе) акваториялар (немесе олардың бөліктері) шегінде табиғи ортаның жекелеген компоненттеріне жол берілетін жиынтық антропогендік жүктеме нормативтерін белгілейді;
Тармақша 151
151) Стационарлық шығарындылар көздеріне түгендеу жүргізу, оның деректерін түзету, осындай түгендеу жүргізу және түзету нәтижесінде алынған деректерді құжаттау және сақтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 152
152) Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 153
153) экологиялық рұқсаттар мен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялардың тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 154
154) қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне олардың кіші түрлері бойынша біліктілік талаптарын әзірлейді;
Тармақша 155
155) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде сақтандырудың үлгі шартын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 156
156) Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын, оның ішінде оларға қойылатын біліктілік өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 157
157) Жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін таңдау туралы шешімді айқындау, келісу және қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 158
158) Теңізде мұнайдың төгілуін жоюдың жиынтық экологиялық пайдасы мен әдістерін талдау мәселелері бойынша ұсынылатын ең үздік халықаралық практикалардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 159
159) жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін келіседі;
Тармақша 160
160) Қалдықтардың жинақталу лимиттерін және қалдықтарды көму лимиттерін әзірлеу және бекіту, қалдықтарды басқару туралы есептілікті ұсыну және бақылау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 161
161) жасыл белдеулерде орналасқан ормандарды пайдалану, күзету, қорғау, молықтыру ерекшеліктерін белгілейді;
Тармақша 162
162) сараптама комиссияларын құрады және олар туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 163
163) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестері туралы ережелерді және олардың дербес құрамын бекітеді;
Тармақша 164
164) қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 165
165) бастапқы консультациялар барысында келісілген тәртіп пен шарттарға сәйкес қозғалатын тараптармен консультациялар өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 166
166) стратегиялық экологиялық бағалау немесе қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде өз функцияларын орындау кезінде қозғалатын тараптармен консультациялар барысында алынған, сондай-ақ қозғалатын тараптардың мүдделі органдары мен жұртшылығы ұсынған ескертпелер мен ұсыныстарды қарауды және есепке алуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 167
167) Экологиялық рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының орындалуына жыл сайынғы мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 168
168) I санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсаттар береді;
Тармақша 169
169) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп барлау жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 170
170) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жою жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықтарды және қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жоюдың болжамды құнын есептеу әдістемесін бекітеді;
Тармақша 171
171) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 172
172) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;
Тармақша 173
173) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік субсидиялардан экономикалық әсерді айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 174
174) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 175
175) қажет болған жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген тәртібін сақтай отырып қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығарады;
Тармақша 176
176) бюджеттік мониторингті және оның нәтижелері туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады;
Тармақша 177
177) тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
Тармақша 178
178) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;
Тармақша 179
179) ведомстволық бағынысты республикалық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 180
180) ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
Тармақша 181
181) ведомстволық бағынысты республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
Тармақша 182
182) ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
Тармақша 183
183) стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлейді;
Тармақша 184
184) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының салалық нормативтерін әзірлейді, бекітеді және келіседі;
Тармақша 185
185) мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақ 15
15. Құқықтары мен міндеттемелері: Комитеттің құқықтары:
Тармақша 1
1) Комитеттің құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелерін жедел шешуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас жасау;
Тармақша 2
2) министрліктерден, ведомстволардан және өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты өз құзыреті шегінде алу;
Тармақша 3
3) кеңесу органы болып табылатын Мемлекеттік экологиялық сараптама жөніндегі Сарапшылық кеңесті құру туралы ұсыныстарды бекіту;
Тармақша 4
4) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін, өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 5
5) Комитет реттейтін қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 6
6) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттаманы, талдау нәтижелерін және өзге де материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи ортаны және табиғат ресурстарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламаларының және болжамдарының жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
Тармақша 8
8) Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде халықаралық экологиялық ұйымдармен, шетелдік заңды тұлғаларымен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы қабылдаған келісімдер мен конвенцияларды, экологиялық бағдарламаларды және жобаларды орындау жөніндегі мемлекетаралық ынтымақтастыққа қатысу;
Тармақша 10
10) аумақтық экология департаменттерінің қызметтерін қадағалау және үйлестіру және бақылау бойынша басшылықты жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде бекітілген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Комитеттің міндеттемелері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
Тармақша 2
2) осы Ережеге сәйкес Комитетке жүктелген функцияларды уақтылы және сапалы орындау;
Тармақша 3
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салған ретте қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
Тармақша 5
5) Комитет қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) Министрлік басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізу;
Тармақша 7
7) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептерді жою және жұмысты жетілдіру мақсатында қоғамдық пікірді зерделеуді, ондағы сыни ескертпелерді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдауды және қорытуды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Комитетті басқаруды төраға жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.
Тармақ 18
18. Төрағаны Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің Аппарат басшысы бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.
Тармақ 20
20. Комитет қабылдайтын шешімдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен рәсімделеді.
Тармақ 21
21. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 2
2) Министрліктің Аппарат басшысына Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штаттық саны жөнінде ұсыныстар береді;
Тармақша 3
3) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, заңнамаға сәйкес Комитеттің және аумақтық органдардың қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарға қатысты жұмысқа қабылдауды және еңбек шартын бұзуды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін, басшыларының орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдары – экология департаменттерінің қызметкерлерін, сондай-ақ мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлерді іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауаптылық мәселелерін шешеді;
Тармақша 6
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады және ол үшін жеке жауапкершілік артады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде Комитеттің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құзыретіне жататын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) аумақтық бөлімшелердің басшыларына іссапар (шетелге іссапардан қоспағанда), материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешеді;
Тармақша 11
11) аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады. Төраға болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тармақ 23
23. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарына Комитет төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 24
24. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін. Комитеттің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 26
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығармайды немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етпейді.
Тармақ 27
27. Комитеттің осы Ережеге қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес аумақтық органдары бар.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 28
28. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1.1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер - аумақтық органдардың тізбесі
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне қосымша Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер - аумақтық органдардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 14
14. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 15
15. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 16
16. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 17
17. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 18
18. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 19
19. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 20
20. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменті туралы ереже
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 5-Ө бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменті туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы Экология департаменті (бұдан әрі – Департамент), ол экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтарына, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, тиісті үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан және егер уәкілеттік берілсе, Комитеттің атынан түседі.
Тармақ 5
5. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар түріндегі актілер шығарады.
Тармақ 6
6. Аумақтық органның құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысымен, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрімен келісе отырып бекітіледі.
Тармақ 7
7. Аумақтық органның толық атауы: мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің _________________________ бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение «Департамент экологии по ________________________________ Комитета экологического регулирования и контроля Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан».
Тармақ 8
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы,___________ __________________________________________________________________.
Тармақ 9
9. Департаменттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тармақ 11
11. Департаментке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуіне жол берілмейді.
Тарау 2. 2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері
2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері
Тармақ 12
12. Департаменттің негізгі міндеті мыналар:
Тармақша 1
1) қоршаған орта сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне жету;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды, шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында экологиялық талаптар нормативтерінің сақталуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) табиғат пайдаланушылардың өндірістік экологиялық бақылау жүргізуін үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде экологиялық ақпараттарды жинау және таратуды ұйымдастыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ағарту жүйесін дамыту;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттесу және ынтымақтастық орнату;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде, аумақтық деңгейде мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру, заңнамада белгіленген тәртіпте экологиялық рұқсаттарды беру болып табылады.
Тармақ 13
13. Департамент келесі функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
Тармақша 3
3) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде рұқсат берілетін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) қоғамдық тыңдалымдарға қатысады;
Тармақша 7
7) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамында І санаттағы объектілер бойынша жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;
Тармақша 9
9) ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;
Тармақша 11
11) құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар береді және оларда қоршаған ортаға эмиссияға арналған лимиттерді белгілейді;
Тармақша 12
12) өз құзыреті шегінде табиғат ресурстарын пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;
Тармақша 13
13) міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы ұсыныс жасайды;
Тармақша 14
14) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, мемлекеттік экологиялық сараптама, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыреті шегінде нормалау және стандарттар жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;
Тармақша 15
15) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 16
16) мыналарға мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады: - Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына; - қоршаған ортаның ластану салдарларын жою жөнiндегi шаралардың жүргiзiлуiне; - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жердiң Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес, оны одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiрiлуiне; - қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық келiсiмшарттық талаптардың сақталуына; - жер қойнауының ластанудан, су басудан және қоршаған орта объектiлерiн бүлдіруге алып келетін техногендiк процестерден сақталуына; - жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының сақталуына; - жер қойнауы учаскесінiң және жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануына, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарының жойылуына; - жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуына; - пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына; - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде авариялық және өзге де қауiптi жағдайлардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына; - зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың көмiлуiне және сарқынды сулардың жер қойнауына ағызылуына; - су сапасы нормативтерiнiң сақталуына; - атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде көлiк және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға шығару және пайдалану кезiнде техникалық регламенттердiң, нормативтердiң, қағидалар мен өзге де талаптардың сақталуына; - қалдықтарды жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына; - парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асырған кезде талаптардың сақталуына; - қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөнiндегi экологиялық талаптар бөлiгiнде радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар iстеу қағидаларының сақталуына; - экологиялық рұқсаттарда белгiленген табиғат пайдалану талаптарының орындалуына; - өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың белгiленген нормалары мен қағидаларының сақталуына; - ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің стационарлық көздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлерге қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына; - тазарту құрылыс жайлары жұмысының технологиялық регламенттерiнiң сақталуына; - өндiрiстiк экологиялық бақылау нормалары мен қағидаларының сақталуына; - Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына; - қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың бiлiктiлiк талаптары мен қағидаларының сақталуына; - мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзудiң мiндеттiлiгi туралы талаптардың сақталуына және оның шарттарының орындалуына; - мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша дұрыс ақпарат беру туралы талаптардың сақталуына; - «Байқоңыр» кешенінің аумағында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына; - қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуына; - озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына; - өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына; - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасының Экология кодексінде айқындалған талаптарды орындауына;
Тармақша 17
17) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындайды;
Тармақша 22
22) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;
Тармақша 23
23) шаруашылық және қызметтің экологиялық қауіпті өзге де түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 24
24) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық немесе өзге де рұқсаттарда көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған, қоршаған ортаға және (немесе) халық денсаулығына аса ірі нұқсан келтiрген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға арналған экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе олардан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзеді;
Тармақша 26
26) мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;
Тармақша 27
27) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 30
30) өз құзыретi шегiнде, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттiк құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 31
31) өз құзыреті шегінде кемелерден ластануды болдырмау жөніндегі қағидаларды келіседі;
Тармақша 32
32) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Департамент өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) министрліктерден, ведомстволардан және өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты өз құзыреті шегінде алады;
Тармақша 2
2) кеңесу органы болып табылатын мемлекеттік экологиялық сараптама жөніндегі сарапшылық кеңесті құру туралы ережені бекітеді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттамаларды, талдау нәтижелерін және өзге материалдарды сұрастырады және алады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерімен бекітілген өзге құқықтарды жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Департаменттің міндеттеріне мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салған ретте қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
Тармақша 3
3) Департамент қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Комитет басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізу;
Тармақша 5
5) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептерді жою және жұмысты жетілдіру мақсатында қоғамдық пікірді зерделеуді, ондағы сыни ескертпелерді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдауды және қорытуды жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық инспекторлардың құқықтарын иеленеді.
Тарау 3. 3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Департаментті Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрімен келісе отырып, Комитет төрағасының ұсынысы бойынша Министрліктің Аппарат басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын басшы басқарады. Департамент басшысы болмаған жағдайда оның міндетін орындау орынбасарға немесе Комитеттің және/немесе оның аумақтық бөлімшелерінің кез келген қызметкеріне Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысының бұйрығына сәйкес жүктеледі.
Тармақ 18
18. Департаменттің басшысына демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру мәселелері Комитет төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Аппарат басшысының бұйрығымен рәсімделеді.
Тармақ 19
19. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының/тиісті облыстардың бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары басшының орынбасарлары болып табылады.
Тармақ 20
20. Департамент басшысы Департаменттің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілік артады.
Тармақ 21
21. Департамент басшысы осы мақсаттарда:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмысқа қабылдауды және еңбек шартын бұзуды жүзеге асырады, іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің тәртіптік жауаптылық мәселелерін шешеді;
Тармақша 2
2) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады және ол үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен өзге де мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Департаменттің мүддесін ұсынады;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен экологиялық сарапшылық комиссияларын, топтарын құрады, жұмысқа қатысуға отандық және шетелдiк мамандарды тартады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттері бар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тарау 4. 4-тарау. Департаменттің мүлкі
4-тарау. Департаменттің мүлкі
Тармақ 22
22. Департамент жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие. Департаменттің мүлкі оған мемлекет, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі атынан берілген мүліктің, құны департаменттің теңгерімінде көрсетілетін негізгі қор және айналым қаражаттарынан, сондай-ақ өзге мүліктің есебінен қалыптасады.
Тармақ 23
23. Департаментке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығармайды немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етпейді.
Тарау 5. 5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.