О внесении изменения в постановление акимата города Шахтинска от 30 декабря 2019 года № 55/01 «Об утверждении схемы пастбищеоборотов на основании геоботанического обследования пастбищ» Күшін жойған
Басқа 0
Шахтинск қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 55/01
«Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау
негізінде жайылым айналымдарының
схемасын бекіту туралы» қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5663 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 13 қаңтарда электрондық түрде жарияланған) қаулысына өзгеріс енгізсін:
3-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.