О внесении дополнения и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 155 «О временном закрытии автомобильных пунктов пропуска на отдельных участках Государственной границы Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 155 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 155 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы Қалжат (Алматы облысы), Бақты және Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы) өткізу пункттерінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін медициналық бұйымдар мен дәрілік заттарды, азық-түлік өнімдері мен инвестициялық келісімшарттар, ізгілік көмек, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өткізілетін тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын адамдар мен көлік құралдарын, сондай-ақ бос жүк көлік құралдарын қоспағанда, адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу шектелсін.»; көрсетілген қаулыға қосымшада: 1) және 3) тармақшалар алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қабылдаған шешім туралы шекаралас мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы белгіленген тәртіппен хабарласын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.