О внесении изменения в постановление акимата Астраханского района от 30 ноября 2020 года № 241 «Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Астраханского района» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астрахан ауданы әкімдігінің «Астрахан ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қарашадағы № 241 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529 бабының 6 тармағына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астрахан ауданы әкімдігінің «Астрахан ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қарашадағы № 241 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8211 болып тіркелген, 2020 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулының 1-қосымшасында аймақ нөмірі VI алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Астрахан ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Астрахан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы М. Қарауылова