О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 336 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на осуществление аудиторской деятельности» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20212 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес аудиторлық қызмет саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органмен (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) әзірленген аудиторлық ұйымдардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) аудиторлық қызметін лицензиялау тәртібін көрсетеді.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz, «цифрлық үкімет» веб-порталы» (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ веб-портал арқылы төлем «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым операторына, оның ішінде Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейін қадамдық скриншоттар қоса ұсынылған мемлекеттік қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды, немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті ұсына отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде sd@nitec.kz электрондық поштасы арқылы бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолымен «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының операторын (оператор) хабардар етеді.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы алады.»;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сұрау салуды өңдеуді, оның ішінде тіркеуді көрсетілетін қызметті беруші «Е-лицензиялау» цифрлық жүйеге сұрау салу келіп түскен кезден бастап жүзеге асырады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Басқа 1. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
(бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі)
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 17 шілдедегі
№ 483 бұйрығына
1-қосымша
«Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру»
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
(бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
2. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу;
3. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтату.
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алу: «Цифрлық үкіметтің» веб-порталдары (бұдан әрі – портал) www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады.
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
лицензия беру – 4 (төрт) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу – 4 (төрт) жұмыс күні;
лицензияның қолданылуын тоқтату – 10 (он) жұмыс күні.
4
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Электрондық (ішінара цифрландырылған)
5
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу және лицензияның қолданылуын тоқтату немесе осы негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.
6
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда төлемақы алу тәсілдері
Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 616-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:
1) аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым – 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды;
3) лицензияны тоқтатқаны үшін лицензиялық алым алынбайды.
7
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.30-ден бастап 18.00-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) Бірыңғай байланыс орталығы – күн сайын сағат 9.00-ден бастап 21.00-ге дейін.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі
1) лицензия алу үшін: осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген, Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
«Цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкіндігі болған жағдайда, осы құжатты ұсыну талап етілмейді;
осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген өтініш беруші туралы мәліметтер;
басшының және аудиторлардың біліктілік куәліктерін беру туралы мәліметтер нысаны. Шетелдік ұйым (шетелдік ұйымдар) Қазақстан Республикасының резиденті-аудиторлық ұйымды құрған кезде, жоғарыда аталған құжаттардан басқа, шетелдік аудиторлық ұйым өзінің мәртебесін растау үшін: елдің кәсіби аудиторлық ұйымы беретін аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы аудармасымен нотариалдық куәландырылған хаттың электрондық көшірмесі және шетелдiк аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын Халықаралық бухгалтерлер федерациясындағы кәсiби аудиторлық ұйымның мүшелiгі туралы құжаттың электрондық көшірмесі немесе өзi резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы аудармасымен нотариалдық куәландырылған хаттың электрондық көшірмесі не нотариалдық куәландырылған лицензияның көшiрмесi;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін: осы Қағидаларға 4-қосымшада көзделген, Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші. ЦҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкін болмаған жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді; қайта ресімдеу үшін негіздеме растайтын құжат (құрылтайшылар шешімі;
3) лицензияның қолданылуын тоқтату үшін: осы Қағидаларға 5-қосымшада көзделген, Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында лицензияны тоқтату үшін заңды тұлғаның өтініші; лицензияның қолданылуын тоқтату үшін негіздемені растайтын құжат (болған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті беруші төлемді растайтын құжатты тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы алады.
9
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсыныуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.
10
Мемлекеттік қызметін көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинет», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің www.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Басқа 2. Лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 17 шілдедегі
№ 483 бұйрығына
2-қосымша
«Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру»
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші
____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), заңды тұлғаның
БИН болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БИН)
_________________________________________________________________
(қызмет түрінің толық атауын көрсету)
жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы
____________________________________________________________________
((шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы,
ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта
______________________________________________________________
Телефоны
____________________________________________________________________
Факс___________________________________________________________
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы)
______________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
__________ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жолдауға болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;
қоса берілген барлық құжат шындыққа сәйкес келетіні және жарамдылығы;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергені;
өтініш беруші ұсынылған (толтырылған) ақпараттың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыны;
өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда) өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруға келіскені расталады.
Басшы
_________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 3. Лицензияны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 17 шілдедегі
№ 483 бұйрығына
3-қосымша
«Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру»
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Лицензияны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН)
____________________________________________________________________
20___ жылғы «___» _________ берілген № ________________________ лицензияны жүзеге асыруға қайта ресімдеуді сұраймын
(лицензияның нөмірі (- лері), берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы) (керегінің астын сызу)
__________________________________________________________________
(қызмет түрінің толық атауы) мынадай негіз(-дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиатты «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға х қою қажет):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
жеке шығу ____
бөліну ____
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі
____________________________________________________________________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі
____________________________________________________________________
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «обьектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы
____________________________________________________________________
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе, лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы талап болған жағдайларда ____________________________________________________________________
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі
_____________________________________________________
Заңды тұлғаның мекенжайы
________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін - елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта
______________________________________________________________
Телефоны
____________________________________________________________________
Факс____________________________________________________________
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
________парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жолдауға болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;
қоса берілген барлық құжат шындыққа сәйкес келетіні және жарамдылығы;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергені;
өтініш беруші ұсынылған (толтырылған) ақпараттың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыны;
өтініш беруші мемлекеттік корпорация қызметкерінің (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда) өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруға келіскені расталады.
Басшы
____________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» __________
Басқа 4. Лицензияның қолданылуын тоқтатуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 17 шілдедегі
№ 483 бұйрығына
4-қосымша
«Аудиторлық қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Лицензияның қолданылуын тоқтатуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
___________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН)
__________________________________________________________________
(қызмет түрінің толық атауы) мынадай негіз(-дер) бойынша (тиісті ұяшыққа Х қою қажет):
20___ жылғы «___» _________ № _________________________ берілген
____________________________________________________________________
(лицензияның нөмірі (- лері), берілген күні, лицензияны берген лицензиардың
атауы)
лицензияның қолданылуын тоқтатуды сұраймын
(керегінің астын сызу)
1) лицензияны ерікті түрде қайтару;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда.
Заңды тұлғаның мекенжайы
____________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін - елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта
____________________________________________________________________
Телефоны
____________________________________________________________________
Факс_____________________________________________________________
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
__________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат(стационарлық үй-жай) нөмірі)
________парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жолдауға болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;
қоса берілген барлық құжат шындыққа сәйкес келетіні және жарамдылығы;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергені;
өтініш беруші ұсынылған (толтырылған) ақпараттың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыны;
өтініш беруші мемлекеттік корпорация қызметкерінің (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда) өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруға келіскені расталады.
Басшы
____________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» __________