О внесении изменений в постановление акимата Уланского района от 30 декабря 2020 года № 428 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельских населенных пунктах» Қолданыста
Басқа 0
Ұлан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 428 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық
елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесін айқындау туралы» қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек колексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасыныңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Занының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 428 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8229 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулыға қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Ұлан ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 2
2) ресми жариялағаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 желтоқсаннан қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ұлан аудандық әкімдігінің
2025 жылғы «_13» қарашадағы
№ _505_ қаулысына
қосымша
Ұлан аудандық әкімдігінің
2020 жылғы «30» желтоқсандағы
№ 428 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
Тармақша 2
2) әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі кеңес беруші;
Тармақша 3
3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
Тармақ 2
2. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) директор, директордың орынбасары;
Тармақша 2
2) мәдени ұйымдастырушы;
Тармақша 3
3) кітапханашы;
Тармақша 4
4) аккомпаниатор;
Тармақша 5
5) үйірме жетекшісі;
Тармақша 6
6) дыбыс операторы;
Тармақша 7
7) музыкалық жетекшісі;
Тармақша 8
8) үйірме жетекшісі;
Тармақша 9
9) хореограф;
Тармақша 10
10) концертмейстер;
Тармақша 11
11) мәдени ұйымдастырушы;
Тармақша 12
12) дыбыс операторы;
Тармақша 13
13) әдістемеші;
Тармақша 14
14) ұжым басшысы;
Тармақша 15
15) ұжым басшысы;
Тармақша 16
16) суретші;
Тармақша 17
17) хормейстер;
Тармақша 18
18) әртіс
Тармақша 19
19) қоюшы-режиссер.