О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 30 марта 2020 года № 43 «Об утверждении Правил выдачи согласия на назначение (избрание) руководящих работников финансовых организаций, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых брокеров-нерезидентов Республики Казахстан, банковских, страховых холдингов, акцион Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
«Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларын бекіту туралы»; кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Сақтандыру қызметі туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 80 Қаулыға қосымша Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысымен бекітілген Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 34-бабына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, 4-1-бабына (бұдан әрі – Кепілдік беру қоры туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалды. Қағида мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) келісім беру тәртібін анықтайды. Қағидаға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жібереді.
Тармақ 2
2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Сақтандыру қызметі туралы заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Кепілдік беру қоры туралы заңда, Мемлекеттік реттеу туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады. Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) жауапты бөлімше – уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшесі;
Тармақша 2
2) кандидат – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкері лауазымын атқаруға ниеті бар жеке тұлға немесе басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған, тәуелсіз директор болып табылатын адам;
Тармақша 3
3) келісім – уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімі;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті алушы – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, сақтандыру брокерінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде, сақтандыру холдингінде, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының филиалында басшы қызметкер лауазымын атқаруға ниеті бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы, сақтандыру холдингі, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы немесе жеке тұлға;
Тармақша 5
5) қаржы ұйымы - банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар заңды тұлға, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы және тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін немесе оларға қатысты мемлекеттің, көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар мемлекетке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;
Тармақша 6
6) қолданыстағы келісімдер тізілімі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісім тізілімі;
Тармақша 7
7) өтінішхат – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беруі туралы өтінішхат;
Тармақша 8
8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «сақтандыру секторында басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі;
Тармақша 9
9) портал – «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz;
Тармақша 10
10) ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
Тармақ 3
3. Уәкілетті органмен келісуге жататын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерінің тізбесі Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 1, 1-1 және 14-тармақтарында және Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабының 1-тармағында айқындалған. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басқару органының құрамына кіретін уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері уәкілетті органмен келісуге жатпайды.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган кандидат Сақтандыру қызметі туралы заңның 16-2 және 34-баптарында, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң), Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңның 51, 53 және 54-баптарында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-бабында, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп туралы заң) және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде келісім береді.
Тармақ 5
5. Келісім (тәуелсіз директор болып табылатын, басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлерді қоспағанда) басшы қызметкер тиісті лауазымға тағайындалғанға (сайланғанға) дейін беріледі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры болып табылатын, басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайлауға келісім ол лауазымға сайланғанға дейін не лауазымға сайланғаннан кейін беріледі.
Тармақ 6
6. Қолданыстағы келісімі бар адам, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру холдингтерінің және (немесе) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкері лауазымына (бірнеше лауазым) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, қайта келісусіз тағайындалады (сайланады).
Тармақ 7
7. Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының және Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының мақсаты үшін мыналар мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттары болып табылады:
Тармақша 1
1) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы, қаржы ұйымының, банк және сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылуы;
Тармақша 2
2) кандидаттың қабылдаған міндеттемелерін не уәкілетті органның қаржы ұйымының, банк конгломератының, сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша талаптарын орындамаған қаржы ұйымының ірі қатысушысы (тікелей немесе жанама) екендігі туралы мәліметтердің болуы;
Тармақша 3
3) кандидаттың қаржы ұйымының басшы қызметкері немесе актуарийі бола отырып, қаржы ұйымына немесе актуарийге қатысты уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларының талаптарын бірнеше рет (екі және одан да көп рет) орындамағандығы туралы мәліметтердің болуы;
Тармақша 4
4) кандидаттың төлемге қабілетсіз деп танылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымында акционер (қатысушы), лауазымды адам, басқару функцияларын орындайтын адам болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы;
Тармақша 5
5) адамның террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың тізімінде, терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 12-1-баптарына сәйкес жасалатын, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде болуы;
Тармақша 6
6) кандидаттың әрекеті (әрекетсіздігі) заңнама талаптарын бұзуға (бұзуға) әкеп соққан, резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент- қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органының немесе қаржылық қадағалау органының қабылдауы үшін негіз болған қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің басшы қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтердің, банкті (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын) төлемге қабілетсіз банктер (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары) санатына жатқызу, оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соққан қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімнің болуы немесе қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген не Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
Тармақша 7
7) кандидаттың уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шаралары негізінде қаржы ұйымының басшы қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілгені туралы мәліметтердің болуы;
Тармақша 8
8) кандидаттың, уәкілетті орган қызметінде мынадай бұзушылықтарды анықтаған: уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді қатарынан соңғы он екі ай ішінде жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) бұзған; уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді сақтау туралы мәліметтердің бұрмалануына әкеп соққан есептілікті жасаған қаржы ұйымының бөлімшелерін бақылауды (жетекшілікті) жүзеге асырғаны туралы мәліметтердің болуы; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17460 болып тіркелген, «Қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру қағидалары мен ерекшеліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 203 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін талаптарда қайта сақтандыру шарттарын жасасуы; сақтандыру сыйлықақысының негізсіз мөлшерін қолдану, сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізу талаптары мен тәртібінен туындайтын міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау; қатарынан соңғы он екі ай ішінде жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) сақтандыру төлемін жүзеге асырмау, уақтылы жүзеге асырмау не сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асырмау; Қайта сақтандыру жөніндегі қағидаларда көзделген, сақтандыру сыйлықақыларын қайта сақтандыруға беру рәсімін, оның ішінде «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысында көзделген, қайта сақтандырушыдан растаудың болмауы бөлігінде бұзуы;
Тармақша 9
9) сот шешімімен көрінеу жалған деп танылған кандидаттың аудиторлық қорытындыға қол қою фактісінің болуы;
Тармақша 10
10) кандидат актуарий бола отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтамауы фактілері туралы уәкілетті органға жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) хабарламағаны туралы мәліметтердің болуы;
Тармақша 11
11) кандидаттың сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, актуарлық есеп айырысуларды жүргізу және (немесе) тәуелсіз актуарий ретінде қызметті жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді заңсыз жариялауы немесе үшінші адамдарға беруі туралы мәліметтердің болуы;
Тармақша 12
12) шет мемлекеттің қадағалау органынан немесе қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеуді және «Астана халықаралық орталығында онымен қайланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғадан кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болмауы туралы ақпараттың болуы;
Тармақша 13
13) кандидаттың біліктілік талаптарына және (немесе) іскерлік беделге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы уәкілетті органның шешіміне әсер ететін көрінеу дәйексіз мәліметтер ұсыну фактісінің болуы;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 52-бабының 1-тармағының 9), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21) және 25) тармақшаларда көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша кандидатпен еңбек шартын бұзу фактісінің болуы;
Тармақша 15
15) кандидаттың Қазақстан Республикасының Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін борышкерлердің бірыңғай тізілімде болуы, заңды тұлғаның лауазымды адамдарының болуы (берешегі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 (мың) айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда);
Тармақша 16
16) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 13-5-бабына сәйкес қалыптастырылған уәжді пайымдау негізінде анықталған кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болмауы. Қағидалардың осы тармағында көрсетілген мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттары қолданылатын мерзімді Қаржы ұйымының басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) белгілейді және кемінде бір жылды құрайды.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы келісімдердің тізілімін жүргізеді. Қолданыстағы келісімдердің тізілімі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады және ондағы мәліметтер өзгерген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жаңартылады. Қолданыстағы келісімдер тізіліміндегі ақпарат өзгерген жағдайда, ол тиісті өзгерістерді растайтын ақпаратты уәкілетті орган алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңартылады.
Тармақ 9
9. Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабына, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабына сәйкес кандидатты тағайындау (сайлау) үшін кандидаттың халықаралық қаржы ұйымдарындағы жұмыс стажына мынадай халықаралық қаржы ұйымдарындағы жұмысы кіреді: Азия Даму Банкі; Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі; Америкааралық Даму Банкі; Африка Даму Банкі; Дүниежүзілік Банк; Дүниежүзілік сауда ұйымы; Еуразия даму банкі; Еуропа Инвестициялық Банкі; Еуропа Қайта құру және Даму Банкі; Еуропалық бағалы қағаздар және нарықтар ұйымы; Еуропалық банк ұйымы; Еуропалық банк федерациясы; Еуропалық Кеңестің Даму Банкі; Еуропалық сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру ұйымы; Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі; Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталық; Ислам Даму Банкі; Исламдық қаржылық қызметтер кеңесі; Сақтандыруды қадағалаудың халықаралық қауымдастығы; Солтүстік инвестициялық банк; Халықаралық бағалы қағаздар комиссиясы; Халықаралық Валюта Қоры; Халықаралық Даму Қауымдастығы; Халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйелері қауымдастығы; Халықаралық есеп айырысу банкі; Халықаралық зейнетақы қадағалау органдары ұйымы; Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі; Халықаралық Қаржы Корпорациясы; Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы.
Тармақ 10
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы, сақтандыру холдингі, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы кандидатты тағайындау (сайлау) кезінде оның Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының, Заңның 4-1-бабының және Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.
Тармақ 11
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы, сақтандыру холдингі, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы уәкілетті органды басшы қызметкерлерді тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды қоса алғанда, еңбек шартын бұзу және (немесе) өкілеттігін тоқтату, басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы басшы қызметкерлер құрамында болған барлық өзгерістер туралы хабардар етеді, сондай-ақ растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса берумен басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті. Басшы қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы, сақтандыру холдингі, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы осы ақпарат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына, сақтандыру холдингіне, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етеді.
Тармақ 12
12. Басшы қызметкерлердің тағайындалуын (сайлануын), басқа лауазымға ауысуын, еңбек шартының бұзылуын және (немесе) өкілеттіктерінің тоқтатылуын қоса алғанда, олардың құрамында болған өзгерістер туралы ақпарат растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, растаушы құжаттардың көшірмелерін тіркей отырып жіберіледі. Тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлер туралы ақпаратқа кандидаттың Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының, Кепілдік беру қоры туралы Заңның 4-1-бабының және Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелерін растайтын мәліметтер қоса беріледі Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ұсынылатын растаушы құжаттардың көшірмелерінде басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру, жұмыстан босату (өкілеттігін тоқтату) күні болмаған жағдайда тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру, жұмыстан босату (өкілеттігін тоқтату) күні болып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының уәкілетті органының шешім (бұйрық) қабылдаған күні не шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиғаның басталған күні есептеледі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме мынадай мәліметтерді қамтиды: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының толық атауы және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының атқарушы органының орналасқан жері; акционерлердің жалпы жиналысын (басқару органының отырысын) өткізу күні, уақыты және орны; отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер (басқару органының отырысы үшін); акционерлердің жалпы жиналысының кворумы (басқару органының отырысы); басқарушы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) туралы мәселе бөлігінде акционерлердің жалпы жиналысы отырысының (басқару органы отырысының) күн тәртібі; дауыс беруге қойылған мәселелер, басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары; басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттігін тоқтату) бөлігінде қабылданған шешімдер. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының уәкілетті органының шешімінен алынған үзінді-көшірме осы құжатқа қол қоюға уәкілеттілік берілген қызметкердің (қызметкерлердің) қолымен расталады және үзінді-көшірменің дұрыстығына нұсқауды қамтиды.
Тарау 2. 2-тарау. Келісім беруге арналған құжаттарды қарау тәртібі
2-тарау. Келісім беруге арналған құжаттарды қарау тәртібі
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, портал арқылы электрондық түрде өтінішхат ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішхатты портал арқылы жіберген кезде «жеке кабинетте» нәтижені алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Өтінішхат көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылады, онда мыналарды:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғалар үшін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімді;
Тармақша 2
2) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 - бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім беру (көрсетілетін қызметті алушылар-жеке тұлғалар үшін);
Тармақша 3
3) кандидаттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін растауды;
Тармақша 4
4) кандидат, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы құжатпен тексергенін растауды (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 5
5) кандидат келісілетін басшы қызметкердің лауазымын (лауазымдарын) көрсету арқылы еркін нысанда жасалады. Көрсетілетін қызметті алушының-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының өтінішхаты: құжаттарды атқарушы орган басшысының (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның), атқарушы органның басшысы болып табылатын басқару органы мүшесінің келісуіне жіберген кезде – басқару органының басшысының, ал ол болмаған жағдайда басқару органының шешімі бойынша басқару органы мүшелерінің бірінің (басқару органының осы шешімінің көшірмесін ұсына отырып), көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің бірінің, басқару органының басшысы және мүшелері болмаған жағдайда, осы құжатқа қол қоюға уәкілеттік берілген, көрсетілетін қызметті алушының қатысушыларының бірінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған көрсетілетін қызметті алушы үшін); қалған жағдайларда - атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамның) басшысының не оның міндетін атқарушы адамның (міндеттерді орындауды жүктеу туралы шешімнің көшірмесін ұсына отырып) ЭЦҚ-мен куәландырылады. Көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының өтінішхаты: құжаттарды Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысына келісуге жіберген кезде - Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері осы құжатқа қол қоюға уәкілеттік берген адамдарының (растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып); қалған жағдайларда - Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысының не оның міндетін атқарушы адамның (міндеттерді орындауды жүктеу туралы шешімнің көшірмесін ұсына отырып) ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Тармақ 17
17. Басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Тармақ 18
18. Шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды адамдары берген құжаттар (Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға не апостиль қойылуға жатады. Шет тілінде ұсынылған құжаттар қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының Нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариаттық куәландырылуға жатады және электрондық көшірмелер нысанында ұсынылады.
Тармақ 17
17. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын (байланыс телефондарын және байланысатын адамдардың электрондық поштасының мекенжайларын көрсете отырып) ұсынады. Тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысын немесе мүшесін келісу үшін ол лауазымға сайланғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы өзі сайланған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірілмейтін мерзімде құжаттардың толық топтамасын ұсынады.
Тармақ 18
18. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындауға жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішхатты тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және құжаттардың қолданылу мерзімін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімінің аяқталу фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді. Уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Тармақ 19
19. Ұсынылған құжаттардың толықтығы және (немесе) қолданылу мерзімінің өтпеу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және шет мемлекеттердің уәкілетті қадағалау органдарына (қажет болған кезде) тиісті сұратулар жібереді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы есепке алудың ақпараттық жүйесіне және «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына сұратулар жібереді. Ұсынылған құжаттарда Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің талаптарына сәйкессіздіктер анықталған кезде мемлекеттік қызмет көрсету ішінде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға оларды жою және көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсынуы үшін ескертулер бар хат жібереді. Бұл ретте уәкілетті органның кандидатты келісу үшін құжаттарды қарау мерзімі үзілмейді. Кандидаттың Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын қаржы ұйымдарында жұмыс өтілі болған кезде уәкілетті орган кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болуын растау мақсатында шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органынан кандидаттың мінсіз іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы (белде) туралы ақпаратты сұратады не осы мәліметтерді шет мемлекеттің қадағалау органының ресми интернет-ресурсынан алады (бар болса).
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушы танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тыңдау хаттамасына өз ескертулерін ұсынуға құқылы. Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға уәкілетті органның қабылдаған шешімі туралы хат жібереді.
Тармақ 21
21. Келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды кері қайтарып алуға уәкілетті орган кандидатты келісу туралы шешім қабылдағанға дейін, ал тестілеуге шақырумен келіскен кезде - көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы кері қайтарып алу себебін көрсете отырып, еркін нысанда жазбаша өтініш беруі арқылы тестілеуден өту күніне дейін жол беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Тестілеуден өту үшін шақырумен немесе шақырусыз келісу және келісім беру тәртібі
3-тарау. Тестілеуден өту үшін шақырумен немесе шақырусыз келісу және келісім беру тәртібі
Тармақ 22
22. Кандидатты келісу үшін уәкілетті органда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, оның дербес құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 23
23. Уәкілетті орган Комиссияның шешімі бойынша кандидаттарды тестілеуден өту үшін шақыра отырып не Қағидалардың 26-тармағында көзделген жағдайда оларды шақырмай-ақ келіседі.
Тармақ 24
24. Комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Комиссия төрағасының немесе оның орнындағы адамның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі сауалнамалық жолмен де қабылданады.
Тармақ 25
25. Комиссия мүшелері құжаттарды қарайды және қаралып отырған мәселе бойынша Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген хаттамада өз пікірін білдіреді.
Тармақ 26
26. Кандидатты тестілеуден өту үшін шақырусыз келісу туралы мәселені қарау кезінде ұсынылған құжаттардың негізінде мыналар ескеріледі:
Тармақша 1
1) кандидатта тізбесі осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалатын халықаралық қаржы ұйымдарында немесе қаржы ұйымдарының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитордың 5 (бес) жылдан астам жұмыс өтілінің болуы;
Тармақша 2
2) кандидатта қаржы ұйымының бас бухгалтерінің немесе қызметі қаржылық қызметтер көрсетумен байланысты болған дербес құрылымдық бөлімше (департамент, басқарма, филиал және өзге де дербес құрылымдық бөлімше) басшысының, қаржы және (немесе) басқарушы директордың, қаржылық қызметтер көрсетумен байланысты мәселелерге жетекшілік еткен атқарушы директордың 5 (бес) жылдан астам үздіксіз жұмыс өтілінің болуы;
Тармақша 3
3) кандидатта актуарлық қызметтi жүзеге асыруға арналған жарамды лицензиясының болуы;
Тармақша 4
4) кандидатта тәуекелді басқару саласындағы халықаралық сертификаттың болуы (FRM (Financial Risk Manager) (ФРМ Файненшил тәуекел-менеджері) - Қаржылық тәуекел-менеджері, PRM (Professional Risk Manager) (ПРМ Профешинал тәуекел-менеджері) – Кәсіби тәуекел-менеджері, CFA (Chartered Financial Analyst) (СФА Чартеред файненшил аналист) – Сертификаты бар қаржы талдаушысы) және (немесе) ISO 31000 сериясының стандарты бойынша сертификат;
Тармақша 5
5) кандидат бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшысы немесе бірінші басшының орынбасары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және (немесе) қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың, филиалдың және өзге де дербес құрылымдық бөлімшенің) басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын (жүзеге асырған) мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының орынбасары) болған ба;
Тармақша 6
6) кандидат бұрын мемлекет орган аппаратының басқарма мүшесі, бірінші басшысы немесе бірінші басшының орынбасары, жауапты хатшысы, жетекшісі болған ба;
Тармақша 7
7) кандидатты тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы не мүшесі лауазымына келісу. Осы тармақтың талаптары осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды. 27.Тестілеуден өту үшін міндетті түрде шақырылуға жатады:
Тармақша 1
1) Сақтандыру қызметі туралы Заңның 34-бабының 5-2-тармағында және кепілдік беру қоры туралы Заңның 4-1-бабында белгіленген жағдайларда келісімдерінің қолданысы тоқтатылған адамдар;
Тармақша 2
2) келісім беру үшін құжаттары уәкілетті органға алғаш рет ұсынылатын адамдар.
Тармақ 28
28. Комиссия кандидатты тестілеуге шақыра отырып келісу туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» тестілеу өткізілетін күні, уақыты мен орны көрсетілген хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті алушы (кандидат) уәкілетті орган белгілеген күн мен уақытта тестілеуден өту үшін уәкілетті органға міндетті түрде келуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 29
29. Тестілеуден өту үшін шақырумен келісу 30 сұрақ бойынша 45 минут ішінде мемлекеттік немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде компьютерлік тестілеу әдісімен жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Тестілеу кезінде тестіленуші адаммен бір үй-жайда уәкілетті орган қызметкерлерінің ғана болуына рұқсат етіледі.
Тармақ 31
31. Тестілеуден өту кезінде тестіленуші қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдаланбайды. Осы тармақта жазылған шарттардың бұзылуы тестілеудің теріс нәтижесіне теңестіріледі.
Тармақ 32
32. Тестіленуші тестілеу нәтижелерімен ол өткеннен кейін дереу қол қойғызып танысуға жатады.
Тармақ 33
33. Тестілеудің оң нәтижесін алған кезде (кемінде жетпіс пайыз дұрыс жауаптар) кандидат мәлімделген лауазымға (лауазымға) немесе сайланған лауазымға (лауазымға) келісілді деп есептеледі.
Тармақ 34
34. Тестілеу уәкілетті органның интернет-ресурсында онлайн режимде трансляциямен өткізіледі.
Тармақ 35
35. Жауапты бөлімшенің қызметкері кандидат тестілеуден өткеннен кейін (тестілеу нәтижесі оң болған жағдайда) немесе комиссия оны келісу мәселесі бойынша шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тестілеуден өту үшін шақырусыз Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы мәліметтерді қамтитын хат жобасын дайындайды.
Тармақ 36
36. Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының атына мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген негіздер бойынша келісу нәтижесі туралы мәліметтерді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қамтитын хатқа қол қойған күні мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
Тармақ 37
37. Кандидатты келісу және (немесе) келісуден бас тарту мәселесі бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы ақпаратты жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 38
38. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 39
39. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік қызмет туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Егер сақтандыру қызметі туралы заңда, Кепілдік беру қоры туралы заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Тармақ 40
40. Шағымда:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
Тармақша 2
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке куәлікте көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы немесе заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 3
3) жеке тұлғаның нақты тұратын мекенжайы және заңды тұлғаның орналасқан жері;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті берушінің атауы және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған (шағым жасалып отырған) лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
Тармақша 5
5) шағым беруші адам өз талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;
Тармақша 6
6) шағымның шығыс нөмірі мен берілген күні;
Тармақша 7
7) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
Тармақ 41
41. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды. Уәкілетті орган басшысының шағымды қабылдағанын растау оны уәкілетті органның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті орган шағымды өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Басқа 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісімдердің тізілімі
Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларына 1-қосымша Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісімдердің тізілімі Р/с № Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са) Кан­ди­дат­қа ке­лі­сім бе­рі­л­ген ла­у­а­зы­мы (ла­у­а­зым­да­ры) Ке­лі­сім бе­рі­л­ген кү­ні, хат­та­ма­ның № Ке­лі­сім­нің қол­да­ны­сын тоқ­та­ту Кү­ні Негіз­де­ме* 1 2 3 4 5 6 Сақ­тан­ды­ру сек­то­ры Ескертпе: * сақтандыру қызметі туралы Заңның 34-бабы 5-2-тармағының, кепілдік беру қоры туралы Заңның 4-1-бабы 3-тармағының тиісті тармақшасына сілтеме көрсетіледі
Басқа 2. Басшы қызметкерлер құрамында болған өзгерістер туралы мәліметтер
Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларына 2-қосымша Басшы қызметкерлер құрамында болған өзгерістер туралы мәліметтер _____________________________________________________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының атауы) № П№ Бас­шы қыз­мет­кер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са) Ла­у­а­зы­мы Кү­ні және болған өзге­ріс * Та­ғай­ын­дау (сай­лау), бас­қа ла­у­а­зым­ға ауы­сты­ру, қыз­мет­тен шы­ға­ру (өкі­лет­тікте­рін тоқ­та­ту) ту­ра­лы ше­шім­нің (бұй­рық­тың) нө­мі­рі, кү­ні Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес қыз­мет­тен шы­ға­ру (өкі­лет­ті­гін тоқ­та­ту) негіз­де­рі 1 2 3 4 5 6 Ескертпе: * басшы қызметкерлер құрамында (лауазымға тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру, жұмыстан босату (өкілеттікті тоқтату) болған Күн және қандай өзгерістер көрсетіледі. Қосымша (парақтар санын көрсете отырып): _____________________________________________________________ Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ______________________ (қолы) 20 __ жылғы «____»___________________
Басқа 3. «Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін қызметке тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі сақтандыру сект
Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларына 3-қосымша «Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін қызметке тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі сақтандыру секторында басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) келісім берудің кіші түрі Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің ата­уы Қар­жы ұй­ым­да­ры­ның, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент банк­те­рі фи­ли­ал­да­ры­ның, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ым­да­ры фи­ли­ал­да­ры­ның, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент сақ­тан­ды­ру бро­кер­ле­рі фи­ли­ал­да­ры­ның, банк, сақ­тан­ды­ру хол­динг­те­рі­нің, «Сақ­тан­ды­ру тө­лем­де­ріне ке­піл­дік бе­ру қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның бас­шы қыз­мет­кер­ле­рін та­ғай­ын­да­у­ға (сай­ла­у­ға) ке­лі­сім бе­ру Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші түр­ле­рі­нің ата­уы сақ­тан­ды­ру сек­то­рын­да бас­шы қыз­мет­кер­лер­ді та­ғай­ын­да­у­ға (сай­ла­у­ға) ке­лі­сім бе­ру 1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы на­ры­ғын рет­теу және да­мы­ту агент­ті­гі (бұ­дан әрі – уәкі­лет­ті ор­ган). 2. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) 3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы пор­тал­ға құ­жат­тар­дың то­лық топ­та­ма­сын ұсын­ған күн­нен ба­стап 30 (отыз) жұ­мыс кү­ні ішін­де. 4. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/«бір өті­ніш» қа­ғи­да­ты бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін 5. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Уәкі­лет­ті ор­ган­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның аты­на бас­шы қыз­мет­кер­ді бас­шы қыз­мет­кер­дің нақ­ты ла­у­а­зы­мы­на (нақ­ты ла­у­а­зым­да­ры­на) та­ғай­ын­да­у­ға (сай­ла­у­ға) бе­рі­л­ген ке­лі­сі­мі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­тын ха­ты не осы Тіз­бе­нің 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны – элек­трон­дық. 6. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі 25 (жиыр­ма бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш («Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы (Са­лық ко­дек­сі)» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің 554-ба­бы­на сәй­кес сақ­тан­ды­ру сек­то­рын­да бас­шы қыз­мет­кер­лер­ді та­ғай­ын­да­у­ға (сай­ла­у­ға) ке­лі­сім бе­ру бой­ын­ша). Алым­ды тө­леу екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-банк­те­рі­нің фи­ли­ал­да­ры неме­се банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол неме­се қол­ма-қол емес ны­сан­да, сон­дай-ақ «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 7. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі 1) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бе­кі ко­дек­сіне (бұ­лан әрі – Ко­декс) және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на (бұ­дан әрі – Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы заң) сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). 2) уәкі­лет­ті ор­ган – Ко­дек­с­ке және Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы заң­ға сәй­кес, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін. 8. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі 1) Қа­ғи­да­лар­дың 14-тар­ма­ғы­на сәй­кес ре­сім­дел­ген элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ні­ш­хат; 2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, алым­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (егер алым­ды тө­леу Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да); 3) Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша бас­шы қыз­мет­кер ла­у­а­зы­мы­на кан­ди­дат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 4) аза­мат­тық елін­де (ше­тел­дік­тер үшін) неме­се тұ­рақ­ты тұ­ра­тын елін­де (аза­мат­тығы жоқ адам­дар үшін) қыл­мыста­ры үшін алын­ба­ған неме­се өтел­ме­ген сот­ты­лы­ғы­ның жоқ­тығы ту­ра­лы аза­мат­тық елі­нің (аза­мат­тығы жоқ адам­дар үшін - олар­дың тұ­рақ­ты тұ­ра­тын елі­нің) не кан­ди­дат соң­ғы 15 жыл (он бес) жыл ішін­де тұ­рақ­ты тұр­ған ел­дің мем­ле­кет­тік ор­га­ны бер­ген құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Көр­се­ті­л­ген құ­жат­тың бе­рі­л­ген кү­ні өті­ні­ш­хат бе­рі­л­ген күн­нің ал­дын­да­ғы 3 (үш) ай­дан ас­пай­ды (ұсы­ны­ла­тын құ­жат­та оның қол­да­ны­луы­ның өзге мер­зі­мі көр­се­ті­л­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да). Егер мем­ле­кет­тік ор­га­ны алын­ба­ған неме­се өтел­ме­ген сот­ты­лы­ғы­ның жоқ еке­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді рас­та­у­ға уәкі­лет­ті ел­дің заң­на­ма­сын­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер сұ­ра­ты­ла­тын адам­дар­ға қа­ты­сты олар­ға рас­тай­тын құ­жат­тар­ды бе­ру көз­дел­ме­ген бол­са, он­да ти­іс­ті рас­тау аза­мат­тық елі­нің (ше­тел­дік­тер үшін) неме­се тұ­рақ­ты тұ­ра­тын елі­нің (аза­мат­тығы жоқ адам­дар үшін) мем­ле­кет­тік ор­га­ны­ның ха­ты­мен уәкі­лет­ті ор­ган­ның аты­на жі­бе­рі­ле­ді; 5) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бух­гал­тер­лік есеп және қар­жы­лық есеп­ті­лік ту­ра­лы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен бе­рі­л­ген кә­сі­би бух­гал­тер сер­ти­фи­ка­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (бас бух­гал­тер ла­у­а­зы­мы­на кан­ди­дат үшін); 6) бух­гал­тер­лер­дің ак­кре­дит­тел­ген кә­сіп­тік ұй­ы­мы­на мү­ше­лі­гін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (бас бух­гал­тер ла­у­а­зы­мы­на кан­ди­дат үшін); 7) кан­ди­дат­тың же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ше­тел­дік­тер, аза­мат­тығы жоқ адам­дар үшін). Уәкі­лет­ті ор­ган құ­жат­тар­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер­ді «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент-же­ке тұл­ға­сы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын; Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент-же­ке тұл­ға­сын­да алын­ба­ған неме­се өтел­ме­ген сот­ты­лы­ғы­ның жоқ­тығ­ын рас­тай­тын. 9. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту негіз­де­рі 1) кан­ди­дат­тар­дың «Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 16-2 және 34-бап­та­рын­да, «Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 1-ба­бы­ның 20) тар­мақ­ша­сын­да, 54-ба­бы­ның 4-тар­ма­ғын­да, 59-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғын­да, «Сақ­тан­ды­ру тө­лем­де­ріне ке­піл­дік бе­ру қо­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 4-1-ба­бын­да, «Бух­гал­тер­лік есеп және қар­жы­лық есеп­ті­лік ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 9-ба­бын­да неме­се Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 2) те­сті­ле­удің те­ріс нәти­же­сі; 3) осы Тіз­бе­нің 3-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген мер­зім өт­кен­нен кей­ін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның уәкі­лет­ті ор­ган­ның ес­кер­ту­ле­рін жой­мауы неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның уәкі­лет­ті ор­ган­ның ес­кер­ту­ле­рін ес­ке­ре оты­рып пы­сық­тал­ған құ­жат­тар­ды ұсы­нуы; 4) кан­ди­дат­ты бас­шы қыз­мет­кер ла­у­а­зы­мы­на сай­ла­удың (та­ғай­ын­да­удың) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­ті­бі­нің бұ­зы­луы; 5) «Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 34-ба­бы 6-1-тар­ма­ғы­ның екін­ші бө­лі­гін­де және «Сақ­тан­ды­ру тө­лем­де­ріне ке­піл­дік бе­ру қо­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 4-1-ба­бы 3-тар­ма­ғы­ның се­гі­зін­ші бө­лі­гін­де бел­гі­лен­ген мер­зім өт­кен­нен кей­ін құ­жат­тар­ды ұсы­ну, осы мер­зім ішін­де тәу­ел­сіз ди­рек­тор бо­лып та­бы­ла­тын бас­қа­ру ор­га­ны­ның бас­шы­сы неме­се мү­ше­сі ла­у­а­зы­мы­на кан­ди­дат өзі­нің ла­у­а­зы­мын «Сақ­тан­ды­ру тө­лем­де­ріне ке­піл­дік бе­ру қо­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның уәкі­лет­ті ор­ган. Бұл та­лап тәу­ел­сіз ди­рек­тор бо­лып та­бы­ла­тын бас­қа­ру ор­га­ны бас­шы­сы­ның неме­се мү­ше­сі­нің ла­у­а­зы­мы­на та­ра­ты­ла­ды; 6) уәкі­лет­ті ор­ган­да бас­шы қыз­мет­кер ла­у­а­зы­мы­на кан­ди­дат­тың ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да ай­ла-шар­ғы жа­сау мақ­са­тын­да жа­сал­ған және (неме­се) үшін­ші тұл­ға­ға (үшін­ші тұ­лға­лар­ға) нұқ­сан кел­ті­ру­ге әкеп соқ­қан деп та­ны­л­ған іс-қи­мыл­дар­ды жа­са­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің (фак­ті­лер­дің) бо­луы. Бұл та­лап атал­ған оқи­ға­лар­дың неғұр­лым ер­те ба­стал­ған кү­ні­нен ба­стап бір жыл бойы қол­да­ны­ла­ды: уәкі­лет­ті ор­ган кан­ди­дат­тың іс-қи­мыл­да­рын ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да ай­ла-шар­ғы жа­сау мақ­са­тын­да жа­сал­ды деп та­нуы; уәкі­лет­ті ор­ган­ның осын­дай іс-қи­мыл­дар­ды жа­сау нәти­же­сін­де үшін­ші тұл­ға­ға (үшін­ші тұ­лға­лар­ға) нұқ­сан кел­ті­рі­л­ге­нін рас­тай­тын фак­ті­лер­ді алуы; 7) уәкі­лет­ті ор­ган­да кан­ди­дат­тың уәкі­лет­ті ор­ган қа­да­ға­лау ден қою ша­ра­ла­рын қол­дан­ған және (неме­се) Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің 259-ба­бын­да көз­дел­ген әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық үшін, ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да ай­ла-шар­ғы жа­сау мақ­са­тын­да жа­сал­ды деп та­ны­л­ған іс-қи­мыл­дар жа­са­ға­ны үшін әкім­ші­лік жа­за қол­да­ны­л­ған қар­жы ұй­ы­мы­ның қыз­мет­ке­рі және (неме­се) іс-қи­мыл­да­ры қар­жы ұй­ы­мы­на және (неме­се) мәмі­ле­ге қа­ты­су­шы үшін­ші адам­ға (үшін­ші адам­дар­ға) нұқ­сан кел­ті­ру­ге әкеп соқ­қан қар­жы ұй­ы­мы­ның қыз­мет­ке­рі бо­лып та­бы­л­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің бо­луы. Бұл та­лап атал­ған оқи­ға­лар­дың неғұр­лым ер­те ба­стал­ған кү­ні­нен ба­стап бір жыл бойы қол­да­ны­ла­ды: уәкі­лет­ті ор­ган кан­ди­дат­тың іс-қи­мыл­да­рын ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да ай­ла-шар­ғы жа­сау мақ­са­тын­да жа­сал­ды деп та­нуы; уәкі­лет­ті ор­ган­ның осын­дай іс-қи­мыл­дар­ды жа­сау нәти­же­сін­де үшін­ші тұл­ға­ға (үшін­ші тұ­лға­лар­ға) нұқ­сан кел­ті­рі­л­ге­нін рас­тай­тын фак­ті­лер­ді алуы. Бұл тар­мақ­ша­ның мақ­сат­та­ры үшін қар­жы ұй­ы­мы­ның қыз­мет­ке­рі деп жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген бұ­зу­шы­лық­тар­ға әкеп соқ­қан мә­се­ле­лер бой­ын­ша ше­шім­дер қа­был­дау құ­зы­ре­тіне кір­ген қор бир­жа­сы­ның бас­шы қыз­мет­ке­рі не оның мін­дет­те­рін ат­қар­ған адам және (неме­се) трей­де­рі тү­сі­ні­ле­ді; 8) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8 - ба­бы­на сәй­кес ұсы­ны­ла­тын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар-же­ке тұ­лға­лар үшін). Осы тар­мақ­тың 6) және 7) тар­мақ­ша­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер­ге, оның ішін­де уәкі­лет­ті ор­ган Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-қар­жы ұй­ы­мы ре­зи­ден­ті бо­лып та­бы­ла­тын мем­ле­кет­тің қар­жы­лық қа­да­ға­лау ор­га­ны­нан ал­ған мә­лі­мет­тер жа­та­ды. 10. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры уәкі­лет­ті ор­ган­ның ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­ла­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар. Пор­тал­да ір­кі­ліс не тех­ни­ка­лық ақа­у­лар анық­тал­ған жағ­дай­да, Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на жү­гі­ну қа­жет. Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777 неме­се 1414. Ақ­па­рат­тық жүйе іс­тен шық­қан жағ­дай­да, уәкі­лет­ті ор­ган «элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық ин­фра­құ­ры­лы­мы­ның опе­ра­то­рын (бұ­дан әрі – опе­ра­тор) бір жұ­мыс кү­ні ішін­де ха­бар­дар ете­ді. Мұн­дай жағ­дай­да опе­ра­тор көр­се­ті­л­ген мер­зім ішін­де тех­ни­ка­лық про­бле­ма ту­ра­лы хат­та­ма жа­сай­ды және оған уәкі­лет­ті ор­ган­мен қол қо­яды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту қар­жы ұй­ым­да­ры­ның, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент банк­те­рі фи­ли­ал­да­ры­ның, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ым­да­ры фи­ли­ал­да­ры­ның, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент сақ­тан­ды­ру бро­кер­ле­рі фи­ли­ал­да­ры­ның, банк, сақ­тан­ды­ру хол­динг­те­рі­нің, «Сақ­тан­ды­ру тө­лем­де­ріне ке­піл­дік бе­ру қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның бас­шы қыз­мет­кер­ле­рін кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша та­ғай­ын­да­у­ға (сай­ла­у­ға) ке­лі­сім бе­ру банк сек­то­рын­да­ғы бас­шы қыз­мет­кер­лер­ді сай­лау, ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғы сек­то­рын­да бас­шы қыз­мет­кер­лер­ді та­ғай­ын­да­у­ға (сай­ла­у­ға) ке­лі­сім бе­ру уәкі­лет­ті ор­ган­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­ріне сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Басқа 4. Басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер
Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларына 4-қосымша Нысан Басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер ________________________________________________________________________________________ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының атауы (көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлға немесе кандидат толтырады) ________________________________________________________________________________________ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкері лауазымына кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы 1. Жалпы мәліметтер: Туған күні және туған жері Азаматтығы Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) 2. Білімі: Р/с № Оқу ор­ны­ның ата­уы Қа­был­дан­ған жы­лы – аяқ­та­ған жы­лы Ма­манды­ғы Бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның де­ректе­ме­ле­рі (кү­ні және нө­мі­рі бар бол­са) 1 2 3 4 5 3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер: Р/с № Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са) Ту­ған жы­лы Туы­стық қа­ты­на­стар Жұ­мыс ор­ны және ла­у­а­зы­мы 1 2 3 4 5 4. Еңбек қызметі туралы мәліметтер. № Жұ­мыс іс­те­ген ке­зе­ңі * Жұ­мыс ор­ны** Ла­у­а­зы­мы Тәр­тіп­тік жа­за қол­да­ну­дың бо­луы Жұ­мыстан шы­ға­ры­лу, ла­у­а­зым­нан боса­ты­лу се­беп­те­рі Өзге мә­лі­мет­тер*** 1 2 3 4 5 6 7 Ескертпе: осы тармақта кандидаттың еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органынына мүше болуы), оның ішінде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап, лауазымын көрсете отырып еңбек қызметі туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі. * қаржы ұйымдарында (оның ішінде шығарылған елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру бойынша өкілеттігі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымдарында), банк немесе сақтандыру холдингтерінде, қорда, Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде, аудиторлық ұйымдарда, мемлекеттік органдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға мүшелік туралы мәліметтерді; қаржы ұйымдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдарының) басқару органдарында, (шығарылған елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері бар), банк немесе сақтандыру холдингтерінде, қорда күні, айы, жылы көрсетіледі. Қалған жағдайларда жылы көрсетіледі; ** егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса қаржы ұйымының тіркелген елі көрсетіледі. *** қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары) қаржы, басқарушы және (немесе) атқарушы директорының лауазымына орналасқан жағдайда жетекшілік ететін бөлімшелер, осы ұйымда қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты мәселелер көрсетіледі; 6. Салықтар бойынша аудитті қоса алғанда, кандидаттың қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге қатысуы туралы мәліметтер: ______________________________________________________________________________________________ (қаржы ұйымының атауы, аудит жүргізу мерзімі, сондай-ақ кандидаттың аудит жүргізілген қаржылық есепке орындаушы аудитор ретінде (бар болса) қол қойған күні көрсетіледі) 7. Қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің басшысы ретінде, қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің қызметінің мәселелері бойынша сот талқылауларында жауапкер ретінде тартылған-тартылмағандығы _____________________________________________________________________________________________ (иә (жоқ), күні, ұйымның атауы, _____________________________________________________________________________________________ сот талқылауындағы жауапкердің атауы, қаралған мәселе заңды күшіне енген _____________________________________________________________________________________________ сот шешімі көрсетілсін (ол шығарылған жағдайда) 8. Кандидат экономикалық қызмет саласында қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін тағайындау (сайлау), оны келісу үшін құжаттар тапсыру күніне дейін үш жыл ішінде жауаптылыққа тартылды ма (Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидат толтырмайды) _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (Иә (Жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы _____________________________________________________________________________________________ жауапкершілікке тартылу негіздерін көрсете отырып, тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері) 9. Кандидатқа қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) немесе көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуына негіз болған сот шешімі бар ма? Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті және толық болып табылатынын растаймын, сондай-ақ басшы қызметкерлерге қойылатын талаптарға өзімнің сәйкес келетінімді және мінсіз іскерлік беделімнің болуын растаймын. Мемлекеттік қызмет көрсетуге және заңмен қорғалатын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ______________________________________________________________________________________________ (кандидат баспа қаріптерімен өз қолымен толтырады) Қолы_________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады: Мен, _____________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) тәуелсіз директор лауазымына тағайындау (сайлау) үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын. _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының атауы Қолы _____________ Күні _____________________
Басқа 5. Комиссияның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бей-резидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкері лауазымына кандидатты қарауы бойынша №__ хаттама
Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларына 5-қосымша Нысан Комиссияның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бей-резидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкері лауазымына кандидатты қарауы бойынша №__ хаттама ________________________________________________________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкері лауазымына кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазым (дар) ы ________________________________________________________________________________________ (сақтандыру секторы, лауазым (дар) ы) ____ жылғы «___» _________ № Ко­мис­сия Тө­ра­ға­сы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бол­са) Те­сті­ле­у­ге ша­қыр­май ке­лі­су Те­сті­ле­у­ге жі­бе­ру және те­сті­леу оң нәти­же­сі болған кез­де ке­лі­су Ке­лі­су­ден бас тар­ту Ко­мис­сия мү­ше­ле­рі­нің те­гі, аты әке­сі­нің аты (ол бар бол­са)