О внесении изменений в решение Железинского районного маслихата от 30 сентября 2020 года № 486/6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района Күшін жойған
Басқа 0
Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 486/6 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Железин аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 486/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6984 болып тіркелген), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
1-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«8) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы;»;
6-тармақтың 12-3) тармақшасы алып тасталсын;
12-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;»;
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.