О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Алматы от 30 октября 2020 года № 497 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Республики Казахстан, зарегистрированным в городе Алматы при амбулаторном лечении бесплатно» Қолданыста
Басқа 0
«Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1656 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
реттік нөмірлері 11) және 12) жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 13) жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
13)
Жүйелі қызыл жегі
«Ритуксимаб»
»;
реттік нөмірі 43) жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
43)
Кеңейтілген кардиомиопатия
«Валсартан+сакубитрил»
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 75), 76), 77) жолдармен толықтырылсын:
«
75)
Жүйелі қызыл жегі
«Анифролумаб»
76)
Қысқа ішек синдромы
«Тедуглутид»
77)
Оптикомиелоневрит (Девик ауруы)
«Ритуксимаб»
».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.