О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Алматы от 30 октября 2020 года № 497 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Республики Казахстан, зарегистрированным в городе Алматы при амбулаторном лечении бесплатно» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған шешімнің қосымшасында: 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: « 2) Муковисцидоз «Залалсыздандырылған нутриэн стандарты» «Нутриэн Энергия» «Нутриэн Стандарт» «Ресурс Юниор» «Педиашур, Здоровейка» »; 1-бөлімді мынадай мазмұндағы 78), 79) реттік нөмірлі жолдармен толықтырылсын: « 78) Жедел миелобластық лейкоз, Созылмалы лимфолейкоз, Миелодиспластикалық синдром «Венетоклакс» 79) Ювенильді идиопатиялық артрит «Анакинра» ».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.