О внесении изменения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 сентября 2020 года № 509 «Об утверждении Правил осуществления инженерно-геологических изысканий» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Инженерлік-геологиялық ізденістер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 509 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Инженерлік-геологиялық ізденістер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 509 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21338 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инженерлік-геологиялық іздестірулерді жүзеге асыру қағидаларында: 14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «14. Инженерлік-геологиялық іздестірулер техникалық есебінің (қорытындысының) қолданылу мерзімі оларды бекіткен сәттен бастап және жобалау құжаттамасын әзірлеу басталғанға дейін: бірегей объектілер – 6 (алты) айды; сәулет, қала құрылысы және құрылыс жобалары – 36 (отыз алты) айды құрайды.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.