О внесении изменений в решение Карабалыкского районного маслихата Костанайской области от 30 октября 2020 года № 540 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Кособинского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Қарабалық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» № 540 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қарабалық ауданының маслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы Қарабалық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиыны қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» № 540 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9534 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін. 2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.»; көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімінің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген шешімге қосымшаларда: «Мәслихаттың 2020 жылғы 30 қазандағы № 540 шешімімен бекітілген», «Мәслихаттың 2020 жылғы 30 қазандағы № 540 шешіміне қосымша» деген сөздер «Қарабалық аудандық мәслихатының шешіміне 1-қосымша» және «Қарабалық аудандық мәслихатының шешіміне 2-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қособа ауылдық округінің әкімі ________________ Е. Бисекеев 2022 жылғы «__ » ___________
Басқа 3. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Қарабалық аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 мамырдағы № 136 шешіміне 1-қосымша Мәслихатының 2022 жылғы 30 қазандағы № 540 шешімімен бекітілген Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 707 қаулысына сәйкес әзірленді және Қособа ауылдық округінің тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін үш адамнан аспайтын мөлшерде өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қособа ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Қособа ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін он күнге.
Тармақ 7
7. Учаске шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Қособа ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашылуы алдында тиісті учаскенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қособа ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Қособа ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін учаске тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудан мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Қособа ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 20. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Қарабалық аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 мамырдағы № 136 шешіміне 2-қосымша Мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 540 шешімімен 1-қосымша Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елдің мекеннің атауы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны (адам) Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Славен ауылы тұрғындары үшін 3 Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Октябрьское ауылы тұрғындары үшін 1 Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Қособа ауылы тұрғындары үшін 2 Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Қарашакөл ауылы тұрғындары үшін 1