О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № 723 «О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Turar Healthcare» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 723 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 723 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: 3-тармақ 6) тармақшадағы «қатысу болып айқындалсын.» деген сөздер «қатысу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын: «7) денсаулық сақтау объектілерін медициналық жоспарлау бойынша қызметті жүзеге асыру; 8) жобаланатын және салынатын денсаулық сақтау объектілері үшін медицина және медициналық емес кадрлармен қамтамасыз етуді жоспарлау және әкімшілендіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру; 9) денсаулық сақтау объектілерінің жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша, оның ішінде қайта қолданылатын жобаларды пайдалана отырып қызметті жүзеге асыру; 10) денсаулық сақтау объектілері бойынша авторлық қадағалауды жүргізу қызметін жүзеге асыру; 11) денсаулық сақтау объектілері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету жұмысын жүзеге асыру; 12) денсаулық сақтау саласындағы концессиялық жобаларды консультациялық қолдау қызметін жүзеге асыру; 13) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау қызметін жүзеге асыру; 14) денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.