О внесении изменений в постановление акимата города Жанаозен Мангистауской области от 30 марта 2021 года № 138 «Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и пригородном сообщении в городе Жанаозен» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалаcы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 138 «Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы» Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 138 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4470 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: қазақ тіліндегі 4 тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді: «4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Б. Ізғалиевке жүктелсін.»; орыс тілінде 5 тармағы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
Тармақ 2
2. «Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ю. Коккозов) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Б. Ізғалиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.