О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 30 апреля 2021 года № 149 «Об утверждении Правил размещения информации и публичного обсуждения проектов бюджетных программ (отчетов о реализации бюджетных программ) на интернет-портале открытых бюджетов» Күшін жойған
Басқа 0
«Ашық бюджеттердің интернет-порталында
ақпаратты орналастыру және бюджеттік
бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік
бағдармаларды іске асыру туралы есептерді)
жария талқылау қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ақпарат және
қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы
30 сәуірдегі № 149 бұйрығына өзгірістер
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22682 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Порталда қол жеткізу шектелген ақпаратты қамтымайтын бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржылық есептілік, азаматтық бюджет, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері орналастырылады.
Ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Кодекстің 118-бабында көрсетілген шоғырландырылған қаржылық есептілікті есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Порталда орналастырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Порталға сыртқы аудит растаған нысан бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жылдық есебін бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орналастырады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі