О внесении изменения в постановление акимата Астраханского района от 30 ноября 2021 года № 256 «Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Астраханского района» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Астрахан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Астрахан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 256 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Астрахан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Астрахан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 256 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25610 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: тақырып жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Астрахан ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.