О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2021 года № 273 «Об утверждении формы заявления об удержании индивидуального подоходного налога с единовременной пенсионной выплаты в соответствии с законодательством Республики Казахстан о пенсионном обеспечении» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22434 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 351-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің қоса беріліп отырған нысаны бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын көрсетілген бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстау туралы ӨТІНІШ
Қазақстан Репсубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 29 ақпандағы № 115 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 273 бұйрығымен бекітілген Нысан Кімге: «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «БЖЗҚ» АҚ) (атауы) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстау туралы ӨТІНІШ Тегі Аты Әкесінің аты (ол болған кезде) Жеке сәйкестендіру нөмірі Резиденттігі: резидент бейрезидент Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемі кезінде жеке табыс салығын (бұдан әрі – ЖТС) ұстауды және аударуды жүзеге асыруды сұраймын (керегін белгілеу): зейнет жасына жеткен кезде «БЖЗҚ» АҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес ай сайын он алты жылдан аспайтын мерзімге тең үлестермен біржолғы зейнетақы төлеу кезінде толық көлемде Артық ұсталған ЖТС есептеу, ұстау және (немесе) қайтару мәселесі бойынша «БЖЗҚ» АҚ-ға 1418 нөмірі (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін) арқылы не www.enpf.kz корпоративтік сайтында көрсетілген «БЖЗҚ» АҚ офистерінің мекенжайлары мен байланыс деректері арқылы хабарласу керек екенінен хабардармын. Байланыс деректері: ұялы нөмірі: электрондық мекенжайы: № күні (күн, ай, жыл) жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылды