О признании утратившим силу постановление акимата Жангалинского района от 30 ноября 2021 года № 287 «Об утверждении Порядка расчетов прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов сельского округа Жангалинского района» Қолданыста
Басқа 0
Жаңақала ауданы әкімдігінің «Жаңақала ауданы
бойынша ауылдық округтер бюджеттерінің
кірістері мен шығындарының болжамды
көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы»
2021 жылғы 30 қарашадағы № 287
қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жаңақала ауданы әкімдігінің «Жаңақала ауданы бойынша ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы» 2021 жылғы 30 қарашадағы № 287 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2021 жылы 15 желтоқсанда № 161400 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.