О внесении изменений в постановление акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 30 ноября 2021 года № 363 «Об утверждении правил расчетов прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 363 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 363 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: аталған қаулының атауы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібін бекіту туралы»; аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы «___» ___________ № ____ қаулысына қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы «30» қарашадағы № 363 қаулысына қосымша Ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы
Тарау 1. 1-тарау. Негізгі ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
Тармақ 1
1. Осы ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамды көлемін айқындау
2-тарау. Ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамды көлемін айқындау
Тармақ 2
2. Ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамды көлемі Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.
Тарау 3. 3-тарау. Ауылдық округтер бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау
3-тарау. Ауылдық округтер бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау
Тармақ 3
3. Ауылдық округтер бюджеттері шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі. Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі: еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге және басқа да шығындардан (бұдан әрі - ағымдағы шығындар); материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және басқа да шығындарға арналған шығындардан (бұдан әрі - күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.
Тармақ 1. 1-параграф. Ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
1-параграф. Ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
Тармақ 4
4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
Тармақ 5
5. Ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар ескеріледі:
Тармақша 1
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес (жалақыны қоспағанда) жоспарланған кезеңде тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;
Тармақша 2
2) ауылдық округтер бюджеттерінің ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;
Тармақша 4
4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
Тармақша 5
5) аудан бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
Тармақ 6
6. Ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақылар төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне қосымша демалыстар беруге арналған материалдық көмек көрсету алып тасталады және ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелген соң абсолютті сомалармен қосылады.
Тармақ 7
7. Ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжамдаудың есептік базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
Тармақ 8
8. Ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу Бюджет кодексінің 56-1-бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың бөлінісінде жүргізіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Ауылдық округтер бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
2-параграф. Ауылдық округтер бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
Тармақ 9
9. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауылдық округтердің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне қатысты пайыздық қатынасқа сәйкес жылдар бойынша бөліністе айқындалады. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әрбір ауылдық округтер бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі: КШі = k* ЕШі, мұнда: КШі – і- ауылдық округтердің күрделі сипаттағы есептік шығындары; ЕШі – і-ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары; k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатысының шамасы. Аудандық бюджет пен ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы өткен үш жылдағы ағымдағы шығын көлеміне ауылдық округтер бюджеттерінің күрделі сипаттағы бюджеттік бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің орташа арифметикалық пайыздық қатынасы ретінде белгіленеді.
Тармақ 3. 3-параграф. Ауылдық округтер бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарының болжамды көлемін есептеу
3-параграф. Ауылдық округтер бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарының болжамды көлемін есептеу
Тармақ 10
10. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауылдық округтердің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық ара қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір ауылдық округтер бойынша өткен үш жылдағы ағымдағы шығын көлеміне ауылдық округтер бюджеттерінің күрделі сипаттағы бюджеттік бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің орташа арифметикалық пайыздық қатынасы ретінде белгіленеді