О внесении изменения в постановление акимата Осакаровского района от 30 июля 2021 года № 48/01 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов на территории Осакаровского района» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Осакаров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 48/01 «Осакаров ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 48/01 «Осакаров ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24139 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Осакаров аудандық сайлау комиссиясы
Басқа 0. Осакаров ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Осакаров ауданы әкімінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 120/02 қаулысына қосымша Осакаров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 48/01 қаулысына қосымша Осакаров ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар № Елді мекен атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1 Осакаровка кенті Қарағанды көшесіндегі ақпараттық стенд 2 Молодежный кенті Комаров көшесіндегі ақпараттық стенд (№ 26 орта мектебінің аумағы) 3 Ақбұлақ ауылы Центральная көшесіндегі ақпараттық стенд 4 Батпақты ауылы Абай көшесіндегі ақпараттық стенд 5 Аманқоңыр ауылы Бейбітшілік көшесіндегі ақпараттық стенд 6 Николаевка ауылы Центральная көшесіндегі ақпараттық стенд 7 Қарағайлы ауылы Кооперативная көшесіндегі ақпараттық стенд 8 Озерное ауылы Абай көшесіндегі ақпараттық стенд 9 Пионерское ауылы Центральная көшесіндегі ақпараттық стенд 10 Есіл ауылы Литвинская көшесіндегі ақпараттық стенд 11 Сұңқар ауылы Олимпийская көшесіндегі ақпараттық стенд 12 Садовое ауылы Болашақ көшесіндегі ақпараттық стенд 13 Шұңқыркөл ауылы Тәуелсіздік көшесіндегі ақпараттық стенд 14 Трудовое ауылы Юбилейная көшесіндегі ақпараттық стенд 15 Тельманское ауылы Школьная көшесіндегі ақпараттық стенд 16 Маржанкөл ауылы Мира көшесіндегі ақпараттық стенд 17 Сарыөзек ауылы Центральная көшесіндегі ақпараттық стенд 18 Ертіс ауылы Казахстанская көшесіндегі ақпараттық стенд 19 Родниковское ауылы Сарыарқа көшесіндегі ақпараттық стенд 20 Сенокосное ауылы Әл Фараби көшесіндегі ақпараттық стенд 21 Мирное ауылы Мира көшесіндегі ақпараттық стенд 22 Звездное ауылы Қаныш Сәтбаев көшесіндегі ақпараттық стенд 23 Шідерті ауылы Мира көшесіндегі ақпараттық стенд