О внесении изменений в решение акима района Аксуат от 30 декабря 2022 года № 3 «Об образовании избирательных участков на территории района Аксуат» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсуат ауданы әкiмiнiң 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 3 «Ақсуат ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Ақсуат ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақсуат ауданы әкiмiнiң «Ақсуат ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31551 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасында: № 176 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын: № 176 сайлау учаскесі Сайлау учаскесінің орталығы: Айнабастау ауылы, атауы жоқ көше, Айнабастау фельдшерлік пункті «Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының Ақсуат ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты. Сайлау учаскесінің шекаралары: Айнабастау, Томар, Ақжал, ауылдарының аумағы. № 190 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын: № 190 сайлау учаскесі Сайлау учаскесінің орталығы: Мүрсәлім ауылы, атауы жоқ көше, Мүрсәлім фельдшерлік пункті «Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының Ақсуат ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты. Сайлау учаскесінің шекаралары: Мүрсәлім, Қызбай, Мешел ауылдарының аумағы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсуат ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Аксуат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы