О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 мая 2022 года № 305 «Об утверждении Правил по обеспечению отечественным сырьем предприятий обрабатывающей промышленности» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28278 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларда: 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Басқа 0. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін отандық шикізатқа жеңілдіктердің мөлшері
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 220 Бұйрыққа қосымша Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға 6-қосымша Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін отандық шикізатқа жеңілдіктердің мөлшері Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдер ерекше бәсекеге қабілетті баға белгілеу шарттарында жасалады, бірақ нақты отандық шикізат тауарын өндіруші шикізаттың осы түрінің экспортының ең төменгі бағасынан аспайды. 1) металлургия өнеркәсібі үшін: баға белгілеу кезеңі – жеткізудің алдыңғы айындағы London Metal Exchange (Лондон металдар биржасы) жарияланатын ең жоғары және ең төменгі бағалардың орташа мәні айқындалатын соңғы айдың интервалында белгіленетін, күнтізбелік отыз күнге тең баға белгілеу кезеңі. р/с №№ Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның ко­ды Ши­кі­заттың ата­уы Ши­кі­за­тқа же­ңіл­дік мөл­ше­рі (ара­лық өнім үшін) Ши­кі­за­тқа же­ңіл­дік мөл­ше­рі (түп­кі­лік­ті өнім үшін) 11 7601 Өң­дел­ме­ген алю­ми­ний Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі ба­ға­сы­ның 1% Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі London Metal Exchange ба­ға­сы­ның 5% 22 74 03 Та­зар­ты­л­ған мыс және өң­дел­ме­ген мыс қо­рыт­па­ла­ры Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі ба­ға­сы­ның 1% Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі ба­ға­сы­ның 5% 33 78 01 Өң­дел­ме­ген қор­ға­сын Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға­сы­нан 40$ Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға­сы­нан 40$ 44 79 01 Өң­дел­ме­ген мы­рыш Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға­сы­нан 5% Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға­сы­нан 5% 55 74 08 11 Мыс ка­тан­ка­сы Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі London Metal Exchange ба­ға­сы­ның 5%+қай­та өң­деу со­ма­сы (қай­та өң­деу со­ма­сы Ке­лі­сім жа­са­су ба­ры­сын­да ай­қын­да­ла­ды) Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі London Metal Exchange ба­ға­сы­ның 5%+қай­та өң­деу со­ма­сы (қай­та өң­деу со­ма­сы Ке­лі­сім жа­са­су ба­ры­сын­да ай­қын­да­ла­ды) 66 76 05 11 Алю­ми­ний ка­тан­ка­сы Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі London Metal Exchange ба­ға­сы­ның 5%+қай­та өң­деу со­ма­сы (қай­та өң­деу со­ма­сы Ке­лі­сім жа­са­су ба­ры­сын­да ай­қын­да­ла­ды) Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі London Metal Exchange ба­ға­сы­ның 5%+қай­та өң­деу со­ма­сы (қай­та өң­деу со­ма­сы Ке­лі­сім жа­са­су ба­ры­сын­да ай­қын­да­ла­ды)