О внесении изменения в совместный приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 30 ноября 2022 года № 473/НҚ и исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2022 года № 111 «Об утверждении проверочного листа за геодезической и картографической деятельностью» Қолданыста
Басқа 0
«Геодезиялық және картографиялық
қызметке тексеру парағын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 473/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 111 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Геодезиялық және картографиялық қызметке тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 473/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 111 бірлескен бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30885 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген геодезиялық және картографиялық қызметке тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Геодезия және кеңістіктік деректер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 27 сәуірдегі
№ 36 мен
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды
интеллект және цифрлық
даму министрі
2026 жылғы 27 сәуірдегі
№ 219/НҚ
Бірлескен бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 473/НҚ және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 111 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Тексеру парағы
геодезиялық және картографиялық қызметке
геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне қатысты
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________
____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _______________________________________
____________________________________________________________ №, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________
_____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________
_____________________________________________________________________
№
Талаптардың тізбесі
Талапқа сәйкес келеді
Талапқа сәйкес келмейді
1
2
3
4
1
Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуы
2
Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін меншікті немесе жалға алынған тексерілген аспаптар, жабдықтар мен құралдар жиынтығының не зауыттық нөмірлері көрсетілген, тексерілген аспаптар, жабдықтар мен құралдар жиынтығы бар тұлғалармен жасалған геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында қызметтер көрсетуге арналған шарттың борлуы
3
Штатта геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы дипломы бар маманның болуы
4
Аэротүсірілім жұмыстарын жүзеге асыру туралы хабарламаның болуы, олар орындалған жағдайда
5
Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) арналған рұқсаттың болуы
6
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындау кезінде бұрын құрылған кеңістіктік деректерді пайдалану
7
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік цифрлық жүйелерді, деректер базаларын, кадастрларды, географиялық цифрлық жүйелер мен ресурстарды, геопорталдарды, геосервистерді жүргізген жағдайда бірыңғай цифрлық картографиялық негізді пайдалану
8
Кеңістіктік деректер мен картографиялық материалдарды аударуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік және жергілікті координаттық анықтамалық жүйелер арасында бекітілген түрлендіру параметрлерін қолдану
9
Ұлттық кеңістіктік деректер қорына бюджет қаражаты есебінен құрылған материалдар мен деректер көшірмелерінің бір данасын ұсыну
10
Картографиялық материалдарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының дұрыс бейнеленуі
Лауазымды тұлға (лар):
____________________________ ____________
(лауазымы) (қолы)
_________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Бақылау субъектісі
__________________________ ______________
(лауазымы) (қолы)
_________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)