О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 марта 2023 года № 105 «Об утверждении Правил аккредитации специализированных организаций, осуществляющих ресурсные обследования» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32191 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай жаңа редакцияда жазылсын: «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Басқа 0. Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидалары
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі 2026 жылғы 17 наурыздағы № 46 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1–тармағының 14) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілген қызметті беруші) көрсетеді. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылған.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін ресурстық зерттеп-қарауды жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілген қызметті алушы) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілген қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш пен тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді. Ақпараттық жүйелерде бар мәліметтерді, оның ішінде заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметті, үй-жайға меншік құқығын немесе уақытша иелік ету және (немесе) пайдалану құқығын растайтын құжатты, биологтың кәсіптік білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым кандиданты, докторы немесе PhD), сондай-ақ ресурстық зерттеулер жүргізу бойынша кемінде 5 жыл өндірістік жұмыс өтілі бар қызметкердің бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыны тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және аккредиттеу жүргізу нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған кезде көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжделген бас тартуды береді. Көрсетілген қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш беруші ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексеріп, нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресурстық тексерулерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) немесе тізбенің 9-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздерге сәйкес аккредиттеуді жүргізуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Куәліктің күші келесі жағдайларда жойылады:
Тармақша 1
1) оның қолданылу мерзімі аяқталғанда;
Тармақша 2
2) мамандандырылған ұйымды қайта ұйымдастыру немесе тарату;
Тармақша 3
3) өтініш беруші куәліктің қолданылуын ерікті түрде тоқтату туралы өтініш берген;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметті тиісінше жүзеге асырмау фактілерін анықтаған жағдайларда тоқтатады.
Тармақ 9
9. Аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, одан айыру (кері қайтарып алу) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 11
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші (бұдан әрі – Шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Басқа 1
Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі № Мемлекеттік қызметтің атауы «Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу» 1. Мемлекеттік қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2. Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері «Электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі-Портал) 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 3 (үш) жұмыс күн 4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған) 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымды аккредиттеу туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілген қызметті берушіге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту 6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі 7. Жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті берушінің – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін; 2) порталда – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) 8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш Ақпараттық жүйелерде бар мәліметтерді, оның ішінде заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметті, үй-жайға меншік құқығын немесе уақытша иелік ету және (немесе) пайдалану құқығын растайтын құжатты, биологтың кәсіптік білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым кандиданты, докторы немесе PhD), сондай-ақ ресурстық зерттеулер жүргізу бойынша кемінде 5 жыл өндірістік жұмыс өтілі бар қызметкердің бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады 9. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы; 5) Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет шектеулі қолжетімділікпен пайдаланылатын жеке деректерге қол жеткізуге берген келісімінің болмауы 10. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген, өзге де талаптар 1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасы – www.gov.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігі «деген бөлімде» қызметтер «деген кіші бөлімде:»; Порталда; 2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар; 3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар; 4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді болады; 5) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында көрсетілген – www.gov.kz, «Экология және табиғи ресурстар министрлігі» деген бөлімде «қызметтер» деген кіші бөлімде. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777
Басқа 2. Өтініш
Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша Нысан Өтініш ___________________________________________________________________ (Көрсетілген қызметті берушінің толық атауы) ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің деректемелері) Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым ретінде аккредиттеуді сұраймын. ____________________________________________________________________ Мекенжайы (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі, телефон, факс, е-mail) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі: 1)___________________________________________________________ 2) _________________________________________________________ 3) _________________________________________________________ 4) ________________________________________________________ Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауаптылық туралы хабардармын және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Басшының немесе оның уәкілетті өкілінің қолы (өкіл өтініш берген жағдайда өкілеттігін куәландыратын құжат қоса беріледі) _____________ _________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Толтыру күні: 20___ жылғы «___» __________
Басқа 3. Елтаңба
Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша Нысан Елтаңба №___________ 20 ___ жылғы «___» __________ Осы куәлік мынаны куәландырады: ____________________________________________________________________, (заңды тұлғаның атауы) ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттелген. Заңды мекенжайы:_______________________________________________ (ұйымның заңды мекенжайы). Бизнес сәйкестендіру нөмірі: _______________________________ Аккредиттеу туралы куәлік бес жыл мерзімге берілді, 20__ жылғы «__» __________ дейін жарамды. Көрсетілген қызметті берушінің басшысы ____________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Серия _ _ _ _ _ _ № __________________ Берілген күні: 20___жылғы «___» ___________