О внесении дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 121 «Об утверждении правил планирования расходов по целевому взносу и финансирования бюджетной программы, направленной на вложение целевого взноса» Күшін жойған
Басқа 0
«Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау және
нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 121 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау және нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33009 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау және нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру қағидалары мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Қорға ТМККК бөлінетін нысаналы жарна қаражаты есебінен денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу бойынша алдыңғы жылдың қордың міндеттемелерін орындауы ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі