О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 30 мая 2023 года № 1632 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта автомобильных дорог города Усть-Каменогорска» Қолданыста
Басқа 0
«Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Өскемен қаласының
2023 жылғы 30 мамырдағы № 1632 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Өскемен қаласының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 1632 қаулысына мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңдармен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»;
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 42) тармақша он бесінші, он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру;
ортақ пайдаланылатын орындарды ластау;»;
47-1), 47-2), 47-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«47-1) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ адамдар көп жүретін жерлерде ілеспе дыбыс және жарық сигналдары бар арнаулы бағдаршамдарды, жол белгілерін және нұсқағыштарды, дыбыс және жарық құрылғыларымен жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдерін орнатуды қамтамасыз ету;
47-2) электрқуаттау станцияларын орналастыру туралы шешім қабылдау;
47-3) балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 47-5), 47-6), 47-7), 47-8), 47-9), 47-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«47-5) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру;
47-6) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру;
47-7) жануарларды аулау, уақытша ұстау жəне жансыздандыру қағидаларына сəйкес шұғыл ден қою шараларын ұйымдастыру;
47-8) қаланың мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есепті қарау, келісу және бекіту;
47-9) қаланың мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекет бақылайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
47-10) қаланың ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарының қала бюджетіне таза кірістің белгіленген бөлігін толық және уақтылы аударуына бақылауды жүзеге асыру;».
Тармақ 2
2. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.