О внесении изменений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 30 июня 2023 года № 4/9 «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов Северо-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/9 «Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді жасаудың, күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді жасаудың, күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/9 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді жасаудың, күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларында: 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «38. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.»; 57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «57. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.»; 58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «58. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері есептейді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.