О внесении изменения в решение Теректинского районного маслихата от 30 мая 2023 года № 5-2 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Теректинском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Теректі аудандық мәслихатының «Теректі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2023 жылғы 30 мамырдағы № 5-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Теректі аудандық мәслихатының «Теректі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2023 жылғы 30 мамырдағы № 5-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7173-07 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.»;
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.