О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 521 «Об утверждении Правил осуществления пенсионных выплат, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, единовременных пенсионных выплат в целях улучшения жилищных условий и (или) оплаты лечения, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, из единого накопительного пенсионного фонда, возврата их в единый накопительный пенсионный Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Әдістеменің 6-тармағы 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады деп белгіленсін.
Басқа 1. Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысымен бекітілген Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесі
Тармақ 1
1. Осы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 11-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін есептеуге қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Әлеуметтік кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайтын ай сайынғы зейнетақымен қамсыздандыруға қажетті, осы әдістемеге сәйкес айқындалған міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері.
Тармақ 3
3. Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау үшін мынадай параметрлер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) кірістіліктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 9 %;
Тармақша 2
2) міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарынан ай сайынғы төлемдерді индекстеудің жылдық мөлшерлемесі – 8 %.
Тармақ 4
4. Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі мына формула бойынша есептеледі: ЕТЖШx0 = 12 × БТx0 × äx0 мұнда: ЕТЖШх0 – х0 жастағы салымшы үшін зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі; БТх0 – х0 жастағы салымшы үшін ай сайынғы төлемнің мына формула бойынша есептелетін ең төмен мөлшері: БТx0 = МАКС (mx0 × ЕТЗ; nx0 × ЕТЖМ) мұнда: ЕТЗ – жасына байланысты зейнетақының «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төмен мөлшері; ЕТЖМ – жалақының «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төмен мөлшері; mx0, nx0 – мына формулалар бойынша есептелетін коэффициенттер: mx0 = ТӨМ (ЕТТЕТЗ + (x0 - 20) × 2,5%; 200%) nx0 = ТӨМ (ЕТТЕТЖМ + (x0 - 20) × 2,0%; 200%) мұнда: ЕТТЕТЗ – ең төмен төлемнің базалық мөлшерлемесі (ЕТЗ-дан пайызбен), ол 2026 жылы 75 пайызға тең, одан кейін жыл сайын 10 пайызға, бірақ 200 %-дан асырмай ұлғайтылады; ЕТТЕТЖМ – ең төмен төлемнің базалық мөлшерлемесі (ЕТЖМ-дан пайызбен), ол 2026 жылы 60 пайызға тең, одан кейін жыл сайын 7,5 пайызға, бірақ 200 %-дан асырмай ұлғайтылады. äх0 – ай сайынғы төлемдердің ағымдағы құнының факторы – зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін алушы өмір бойы алып отыратын болашақ зейнетақы төлемдерінің келтірілген (ағымдағы) құнын айқындау үшін қолданылатын коэффициент. Ағымдағы құн факторы әрбір жас когортасы бойынша дисконттаушы фактордың, тиісті дәрежедегі индекстеу мөлшерлемесінің және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толғаннан кейін алушының өмір сүру көрсеткіштері мен дисконттаушы фактордың және тиісті дәрежедегі индекстеу мөлшерлемесінің көбейтінділері сомасының көбейтіндісі ретінде мынадай формула бойынша айқындалады: мұнда: äх0 – х0 жастағы ай сайынғы төлемдердің ағымдағы құнының факторы; i – кірістіліктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі; j – зейнетақы төлемдерін индекстеудің жылдық мөлшерлемесі; t px – салымшының x жастан x + t жасқа дейін өмір сүру ықтималдығы, ол Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамды өлім-жітім кестелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша ерлер мен әйелдердің орташа өлім-жітім коэффициенттері негізінде айқындалады; x – міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдері жүзеге асырыла бастайтын салымшының жасы; x0 – салымшының өзінің немесе жұбайының (зайыбының), немесе жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзі немесе жұбайы (зайыбы), немесе жақын туыстары үшін емделуге ақы төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын күнгі жасы; t – мәндері 0-ден ∞ дейінгі айнымалы. Осы тармаққа сәйкес есептелген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі он мың теңгеге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді.
Тармақ 5
5. Ең төмен жеткіліктілік шегі тиісті жастағы адамдар үшін өткен жылғы ең төмен жеткіліктілік шегінің мөлшерінен төмен болмауға тиіс, ол болжамды инфляция деңгейінен бес пайыздық тармаққа озыңқы түрде индекстеледі. Бұл ретте инфляцияның болжамды мөлшерлемесі ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу жүзеге асырылатын күнтізбелік жылға сәйкес келеді және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес айқындалады.
Тармақ 6
6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы әдістеме қолданысқа енгізілген күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде кемінде екі баспа басылымында жариялау жолымен 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шектерін бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді. _______________________________