О внесении изменений в решение Кокпектинского районного маслихата от 30 мая 2024 года № 13-3/8 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Кокпектинском районе» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкпекті аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 13-3/8 «Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Көкпекті аудандық мәслихатының «Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 30 мамырдағы № 13-3/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 289-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында: қосымшаның тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: «Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары»; 7-тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын: «Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
Тармақ 2
2. «Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін «Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.