О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 30 декабря 2024 года № 1507 «Об утверждении цены на товары (работы, услуги), производимые и реализуемые республиканским государственным казенным предприятием «Военно-техническая школа Министерства обороны Республики Казахстан» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бағаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1507 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бағаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1507 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35587 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) баға осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары   10-тармағының талаптарына сәйкес  қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) баға
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы «24» сәуірдегі № 412 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1507 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) баға Р/с № Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) атауы Өлшем бірлігі Көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін баға (теңге) 1 Азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау көрсетілетін қызмет 545 000, 00