О внесении изменения и дополнения в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 30 декабря 2024 года № 372 «О некоторых вопросах пилотного проекта по размещению государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение с учетом ваучерного финансирования по получателям образовательных услуг» Қолданыста
Басқа 0
«Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1.«Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2025 жылғы 1 қаңтар мен 2026 жылғы 3 наурыз аралығында білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – Пилоттық жоба) енгізілсін.»;
3-қосымшада:
«2-бөлім. Облыстардың аудандарын 1-бөлімде көрсетілген аудандарды қоспағанда, ваучерлік қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшіру» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:
«
2
Атырау облысы
қаңтар, 2026 жыл
Атырау облысының әкімдігі, Білім басқармасы
».
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне (Ш.Қ. Ақпарова) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.