О внесении изменения в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 30 октября 2024 года № 503-НҚ «Об утверждении Правил разработки проекта региональной символики Қолданыста
Басқа 0
«Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35320 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 8 шілдедегі
№ 330-НҚ Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
2024 жылғы 30 қазандағы
№ 503-НҚ Бұйрықпен
бекітілген
Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының Заңы» (бұдан әрі – Заң) 27-бабының 1-тармағы 1-17) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысының 15-тармағы 496-22) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік нышандардың бірыңғай жүйесін сақтау мақсатында өңірлік нышан жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірлеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Жобаны әзірлеу Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Тармақша 2
2) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі – Сараптамалық кеңес) – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері саласындағы уәкілетті органның жанынан құрылған әдістемелік- консультативтік-кеңесші орган.
Тарау 2. 2-тарау. Өңірлік нышан жобасын әзірлеу тәртібі
2-тарау. Өңірлік нышан жобасын әзірлеу тәртібі
Тармақ 4
4. Жобаны әзірлеу мынадай:
қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту;
геральдикалық белгілерді сақтау;
өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алу қағидаларына негізделеді.
Тармақ 5
5. Жобаны әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ дiни, рулық және тайпалық белгiлердiң бейнесін пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Жобаны әзірлеу кезінде мыналар ескерілерді:
Тармақша 1
1) жоба бұрын пайдаланылмаған және өзінің ерекшелігімен жергілікті жердің болашақ даму бағытын құруды айқындайтын жаңа жұмыс болып табылады;
Тармақша 2
2) жобаның визуалды құрамдас бөлігі, үш өлшемді кескіні және (немесе) моделі анық бедері бар;
Тармақша 3
3) жобада ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;
Тармақша 4
4) жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықты және (немесе) сабақтас құқықты бұзуға, плагиатқа жол берілмейді
Тармақ 7
7. Жобаның авторы Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылады. Жобаны жасауға бірнеше жеке тұлға қатысқан, жағдайда олардың барлығы оның авторлары (бірлескен авторлары) болып саналады.
Тармақ 8
8. Жобаны әзірлеу кезінде ұлттық этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға рұқсат етіледі.
Тармақ 9
9. Жобаны әзірлеуге арналған конкурс (бұдан әрі – конкурс) мынадай кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастыруы;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысу үшін өтініштерді ұсыну;
Тармақша 3
3) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жобаларды осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкестігін қарауы;
Тармақша 4
4) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тұрғындары арасында жобалар бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу;
Тармақша 5
5) Сараптамалық кеңестің жобаларды қарауы;
Тармақша 6
6) Заңның 6-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес мәслихаттың жобаны бекітуі.
Тармақ 10
10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында конкурс аяқталғанға дейін 3 (үш) айдан кешіктірілмей жарияланады.
Тармақ 11
11. Конкурсқа қатысуға өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және жобаның сипаттамасын қамтиды.
Тармақ 12
12. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының өтініштерді қарау мерзімі құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
Конкурсқа ұсынылған жобалар Қазақстан Республикасының ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін, мәдени, туристік, тарихи, географиялық, саяси және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып іріктеледі.
Тармақ 13
13. Жоба осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы өтінімді қабылдаудан дәлелді бас тартады.
Өтінім берушіге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы алдын ала шешімі бар хабарлама оған қол қойылғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы алдын ала шешімге өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей қарсылық береді.
Тармақ 14
14. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдар өтініштерді қарау мерзімі аяқталғаннан күннен бастап осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес келетін жобалар бойынша 1 (бір) ай көлемінде қоғамдық талқылаулар өткізеді.
Тармақ 15
15. Қоғамдық талқылауларды өткізу күні, уақыты және орны туралы ақпарат астана, облыс, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында орналастырылады.
Қоғамдық талқылаулардың нәтижелері хаттама түрінде ресімделеді.
Тармақ 16
16. Қоғамдық талқылау аяқталған күннен бастап ең көп дауыс жинаған жобалар 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде Сараптамалық кеңестің отырысында қаралады.
Сараптамалық кеңестің қорытындысы хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 17
17. Оң қорытынды алған жобалар астана, облыс, республикалық маңызы бар қала мәслихаттарының шешімімен 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітіледі.
Тармақ 18
18. Өңірлік нышанды:
Тармақша 1
1) жергiлiктi деңгейдегi мәдени, бұқаралық, спорттық, ағарту және рухани iс-шараларда;
Тармақша 2
2) тауар таңбаларында, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, жеке мекемелер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің эмблемаларында (нышандарында), киім-кешектерде (арнайы және спорттық киімдерде);
Тармақша 3
3) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың құрметті азаматтарына берілетін мерейтойлық медальдар мен алғыс хаттарға, құттықтаулар мен кәдесый заттарға пайдалануға рұқсат етіледі.