О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 30 мая 2025 года № 103-НҚ «Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 мамырдағы № 103-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 мамырдағы № 103-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілзін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларында: 4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) байланыс қызметтері (қалааралық телефонмен сөйлесулер, телефон үшін абоненттік төлем, пошта шығыстары, факс, электрондық пошта, интернет желісі);».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына мемлекеттік және орыс тілдерінде жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.